димаш

Instagram желісіндегі ең танымал қазақ жігіті кім?

Ағылшындардың «Instagram желісіндегі ең бай балалар» тізіміне енген қазақ жігіті Димаш Әділет отандастарының да қызығушылығын оятты. IQ-тестінен 99 пайыздық көрсеткішке ие болған зияткер тұлғаның өзі де сөзі де жоғары интеллектке ие екенін дәлелдейтін бірқатар мәлімет ұсынамыз.

Димаш Әділет Алматыда туылғанымен, 11 жасында Швейцарияның Женева қаласына оқуға аттанады. Сонымен қатар, АҚШ-та да білім алады. Бүгінде Димаш Женевада білім алып жатыр. Алайда Алматыға жиі келіп тұрады.

димаш

Димаш Instagram-ға 4 жыл бұрын елмен бірге тіркеліп, біртіндеп жазылушыларының саны көбейе бастағанын байқаған. Осы үрдісті ол өз пайдасына асыруды ойлайды. Орыс және ағылшын тілдерінде жазбалар салып, сапалы суреттер жариялауды қолға алады.

димаш

Бүгінде ол түрлі шаралардың құрметті қонағы және жарнама роликтеріне түсуге де көптеп шақырту алатын болған.

Димаш Әділет психология және бизнесті басқару мамандықтарын игерген. Психология оның жеке қызығушылығы, оқитын кітаптарының 70 пайызы психология жайлы. Димаш оқырмандарына да үздіксіз білім алуды, өзін өзі дамытуды насихаттайды.

димаш

Көп қызды мазалайтын сұрақ оның жеке өміріне қатысты. Димаш оң қолына неке сақинасына ұқсас сақина тағып жүргенімен, үйленбегенін және басы бос екенін айтқан. Отбасын құруға ең ыңғайлы жас — 28 деген.

димаш

димаш

Сыртынан өте салмақты көрінетін Димаш, #DontJudgeChallenge флеш-мобына түсіп, өзі жайлы стереотиптерді жоққа шығарды. Ол да ел қатарлы көңіл көтеріп, қоғамдық мәселелерге салмақты қарайтынын жеткізді. Флеш-мобтың мақсаты адамды сыртқы түр-сипатына қарап бағаламауға шақыру. Димаш та мұны қолдайды.

Барлық ер-жігіт сияқты Димаш Әділет те қымбат автокөліктерді жақсы көреді. Әлбетте, мұндай қызығушылығын іске асыруға оның қауқары да, байлығы да жеткілікті.

димаш

Қандай қыздар ұнамайды деген сұраққа, Димаш, темекі шегетін, мөлшерін білмей ішімдік ішетін және боқтап сөйлейтін, слэнг сөздерді көп қолданатын қыздар ұнамайды деп жауап берген. Сонымен қатар, қыз баласы өзін күтіп, спортпен шұғылданғаны дұрыс дейді ол.

димаш

Өмірлік принципі — бүгінгі күн үшін өмір сүру.

Димаш Әділет 17 мамырда дүниеге келген. Өзінің  иті Софиді жақсы көреді.

димаш

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *