Исландия еліндегі еңбекақы төлеу жүйесі әлем үшін маңызды болмақ

   Ерлерге жəне əйелдерге еңбекақы төлеу кезінде неліктен келіспеушіліктің алдын қалай алуға болады? Исландия сияқты кішкене ғана аралдың ұлттарының осы мəселе жөніндегі тəжірибелері барлық елге үлгі ретінде қолдана алады ма? Əлемдік экономиканы тұрақты түрде сақтап қалуға көмектеседі ме?

   Қаңтар айының басында бұқаралық ақпарат құралдарының бірі: «Ерлерге қарағанда, əйелдерге аз мөлшерде еңбекақы төлеу — Исландияда ендігі уақытта заңсыз»,-деп жариялаған болатын. Жаңалықты жақтаушылардың қатарында құқық қорғаушылар мен феминистік ұйымдар болды. Сонымен бірге бұл мəселе əлеуметтік желілерде талқыға түскен еді.

 Көптеген елдерде, мысалы Руандыдан Ресейге дейін осындай келіспеушілік заңсыз деп есептелінген.

 Mercer халықаралық консалтингтік компаниясының қызметкері Пэт Миллиган Бүкілəлемдік Экономикалық Форумда заңсыз деп танылған жаңалықтың мəнін талдап түсіндіріп берді.
2006 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім, саясат салаларында, сонымен қатар гендерлік теңдік мəселелері талқыға түсе бастаған. Бүкілəлемдік Экономикалық Форум бойынша, гендерлік қарама-қарсылық 31,7%-дан 32%-ға дейін өскен. Осы мəселені талқылау соңғы жылдары өзекті болып бара жатыр.

  Исландықтар еңбекақының əділетсіз төленетіні туралы, ал басшылық оны қалай да əділетті бөліп жатқаны туралы келіспеушіліктер талқылануда.

 Бұл шешімдер өз кезегінде радикалды болып келеді. Ал, енді оны басқа да, мысалы Ұлыбритания еліне ұсынса, қалай болмақ?

 «1970 жылдан бастап еңбекақы төлеу кезіндегі теңдік барлық елдерде қабылданған. Сондай елдердің бірі — Ұлыбритания. Мұндай радикалды шешімді Британия қабылдамас еді. Біздегі еңбекақы төлеу кезіндегі гендерлік келіспеушілік жұмыскерлердің тек 34%-ын ғана құрайды, ол дегеніміз тек 250 қызметкері бар компания ғана жатады «,-дейді сот істерін жүргізуші британдық адвокат Дафна Ромни.

Соңғы тоғыз жыл бойы осы елде гендерлік келіспеушілік өршіп барады. 2017 жылы Исландияда əйелдердің 80%-ы қара жұмыспен айналысқан. Бұл экономикалық серіктестік пен даму ұйымының елдері арасында орташа көрсеткіш болып есептелді.

Вигдис Финнбогадоуттир (суреттің сол        жағында) жəне Маргарет Тэтчер. 1982       жыл. Вигдис Исландияда 16 жыл бойы        президент болған.

 Гендерлік мəселелерді зерттеуші, Исландия университетінің профессоры Торгердур Эйнарстоддир саясаткерлердің радикалды шешім қабылдауына феминистік қозғалыстар, əйел ұйымдар əсер еткенін айтады. «Тарихта басқа да əйел қауымын жігерлендіріп, əлемде демократиялы таңдалған əйел президенттердің бірі- Вигдис Финнбогадоттир»,- деп мысал келтірді.

    Əйелдер қауымын осындай үлкен мəселе төңірегіне қосу əлемді жаһандық құлдыраудан құтқаруы мүмкін. Жаһандық жұмыс күшінде əйелдер мен ерлер тең болса, онда бұл өз кезегінде экономикалық картаның кеңеюіне жол ашады.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *