Испанияның бас бапкері қызметінен қуылды

Футболдан Испания құрамасының бас бапкері Хулен Лопетеги қызметінен қуылды. Бұл туралы баспасөз жиынында Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес хабарлады. Бұған себеп, бас бапкердің өз бетімен «Реал Мадрид» командасымен келіссөз жүргізуі болып отыр.

«Біз  құраманың бас бапкері Хулен Лопетегиді қызметінен босатуға мәжбүрміз. Оған сәттілік тілейміз. Құрамамыздың Мундиальдағы барлық табысы онымен тікелей байланысты болады», — деген баяндама жасады Рубиалес.

Естеріңізге салсақ,  кеше Лопетеги мадридтік «Реалдың» бас бапкері атанған. Бірақ оның Испания құрамасымен келісімшарты 2020 жылдың жазына дейін жасалған болатын.

Айта кетейік, Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігі кезінде Испания құрамасы топтық кезеңде Португалия (15 маусым), Иран (20 маусым) және Марокко (25 маусым) құрамаларына қарсы өткізеді. 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *