Иығыңа сүйеп едім басымды…

Автор: Танагөз Толқынқызы

Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды…
Тулатпай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!

Иығыңа сүйеп едім басымды,
Жан сарайым хан сарайдай ашылды!
Жүрек сорлы бұлқынысын жасырды,
Кірпіктерім күрсінісін жасырды.

Тазалықты сенен көріп тосылдым!
Адалдыққа болар едің хас үлгі.
Бар әлемнің сатқындығын кешірдім
Иығыңа сүйеген сәт басымды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *