Қиялдағы махаббат қаласы

Авторы: Дияна  САҒЫМБЕКОВА
Аспандағы жұлдыздар күндегісінен де ерекше жан-жақтан қаптап, жарқырап, аспан әніне тербеліп билеп жатқандай. Терезеден қарап тұрған Софаға  жұлдыздар адамның көңілі үшін қиялы үшін жаралған құбылыс сияқты. Ол жұлдызға қолым жетпесі айдан анық, бірақ  әр адамның жер бетінде бірге жанатын жұлдызы бар деп ойлайды. Бірақ өзінікі емес. Оныкі  осы аспанда қалып қойған.
Осы ой құшағына тербеліп тұрғанда есік қағылды. Ешкім естімегендей есік ашуға ешкім бармай жатыр. Әшейінде есік қағылса жүгіре жөнелетін бауыры да тыпыр етпей отыр. Әлде менің құлағыма есіктің қағылған дыбысы келіп тұр ма деген оймен Софа үнсіз қалған есіктің қасына жақындап біраз тұрды. Енді қайта бергенде есік қайта қағылды. 
Софа барып есікті ашты. Ашқан бойда денесі дір ете қалды. Жоқ денесі емес бұл оның тоқтаусыз соғып тұрған жүрегінің бағанағы қолым жетпейді деген жұлдызын жерден көргендегі берген белгісі. Үнсіздік дәл сол сәтте екеуіне  сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдерін жанарларымен  айтып, ұғысуға мүмкіндік беріп тұрғандай.
 Күтпеген жерден күтпеген адамыңды көру  тосыннан болған тағдыр сыйы шығар. 
Махаббат отына маздаған екі жүректің арманы бір арнада тоғыспаушы ма еді. Софа алғаш ғашық болған жан оны да ұнатып, бір болу үшін оның үйінің есігімен қоса  жүрегінің есігін қағып тұр емес пе? Бұл Софаның арманы еді ғой.Енді міне армансыз қалды. Оның арманы кәзір дәл алдында тұр.
Екеуі қол ұстасып бағанағы Софа жалғыз сырласқан жұлдыздардан  сүйінші сұрағандай қайта-қайта аспанға қарап жымиып қояды. Бақыттан бастары айналған екі ғашық ауылдың түнгі тынысын бірге тамашалап, өздерінің бірге жүргенінен  басқа ештеңені сезер емес. Даланың самал желіне еркелеп тербеліп тұрған әдемі-әдемі гүлдердей өмірдің осы тосын сыйына риза болып көрші үйдің алты бақанында тербеліп отырған екеуінің арманы бір еді. Ол осы берік сенім мен адал ақ махаббаттарын өмірінің соңына дейін сақтап өту.
Екеуі құшақтасып тұрып, бір-біріне мәңгі бірге болуға серт беріп жатты. Оған аспан, аспандағы жымыңдаған жарық жұлдыздар мен жарық ай куә болды. 
Өзге әлемнің есігін қаққан Софа өз әлеміне қайта алмай қалды.Мұның бәрі Софаның аспандағы жұлдыздарға қарап қиял кешкен тәтті сәттері ғана еді. Тәтті сәтті қағылған есік дыбысы бөліп жіберді. Софа үйде, терезенің алдында жұлдыздарға қарап отырған күйі қала бергісі келді.Есікті ашқысы келмеді. Тағы  да қиялға беріліп қиялдағысы келді. Себебі мұның бәрі  қанша есік қағылса да болмайтын тәтті сәттер еді. Есікті ол аңсаған жан ешқашан қағып келмейтінін ол жақсы білетін. Ол жан бұл фәниден өткенде Софаға қосылып жылаған тек осы аспан болаты. Сол  сәттен бастап  оған аспан жылауды да, күлуді де үйретті. Бұл фәниде жоқ жанды Софа қиялынан тапты. Онымен өткізетін бақытты шақтар да Софаның қиялында ғана орындалатын. Сондықтан Софаға қағылған есіктен еш үміт жоқ.
Тулаған жаралы жарты   жүрекпен қалай өмір сүремін деп жүрген Софа күнде осы кешті күтеді. Аспандағы әр жұлдыз оның танысы,оның жақыны.
Софа кәзір ішіндегісінің бәрін жұлдыздарға айтып тұр.  Ол аспанның қызы. Аспан оған қиялдау арқылы бақытты болуды үйретті. Ол аспанмен сосын өзінің таусылып бітпейтін қиялдарымен бақытты. Оның жұбанышы да аспан. Софа қайтадан өзінің қиялындағы махаббат қаласына аттанды.
 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *