Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісімен қарым-қатынасы қалай?

Кәмшат Жолдыбаева сіңлісімен арадағы қарым-қатынас туралы

Жақында отандық эстрадада өздерінің ылаңдық бейнебаяндары арқылы танылған J-Runтобы пайда болған еді. Герлз-бэнд солистінің бірі Алтынай Жолдыбаева («Q-елi» хикаясы) әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваның («Сиситай») сіңлісі болып келеді. Бүгінде қос актриса қазақстандықтардың түрлі эмоцияларын тудыруда: олардың шығармаларын жақсы көріп, бағалайды, сонымен қатар ашық киімдері үшін сынап, үнемі салыстырып жүреді.

Сахнаны танымал әпкесімен бөлісудің қандай екенін Алтынай Жолдыбаева Oybay Lifeбағдарламасында айтып берді.

«Негізі сары басылымдар мені Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі деп атайды. Бірақ, соңғы кездері мені өз есіміммен атай бастағандарын байқап жүрмін. Дегенмен, Жолдыбаевтар отбасында Кәмшат шығармашылыққа бірінші бет бұрды. Сондықтан, мен бәрібір Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі болып қала беремін. Маған әпкемнің өнердегі қызметі, сахнада өз-өзін ұстауы ұнайды. «Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі» дегенге қуанамын, мақтанамын. Оның үстіне, қазір мен тек 60-70% ғана танымал шығармын», — деді Алтынай.

Кәмшат Жолдыбаеваныңөзі Gakku FM-дегі «Шынымды айтсам» бағдарламасында образдарын түрлендіріп, костюмдерін таңдауға Алтынайдың көмектесетінін жасырмады.

«Мен табиғатымнан стиль мен сәннен алыстау адаммын. Оны мойындаймын, сондықтан үнемі образ таңдауда Алтынаймен кеңесемін. Ол сәнді жақсы біледі, көптеген дүниелерге заманауи көзқарасы бар. Оның таңдауына ылғи сенім артамын. Біз үнемі ақылдасып, бір-бірімізді қолдап отырамыз», — деді Кәмшат.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *