Көрсетілген міндеттерді жаңа мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шешу жоспарланып отыр

19 желтоқсан күні ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы және 2025 жылға дейінгі жобасы шеңберінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

Жиын барысында Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары 12 индикатор, 71 көрсеткіш және 262 іс-шараны орындау көзделгендігін айтты.

— Қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту, білім берудің барлық деңгейлеріндегі сапаны арттыру, дарынды жастарды, оның ішінде ауыл балаларын қолдау, ерте кәсіптік бағдар беру, жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, ғылымның нәтижелілігін арттыру бойынша өзекті міндеттер тұр, — деді А.Аймағамбетов.

Көрсетілген барлық міндеттерді Қазақстан Республикасының Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шешу жоспарланып отыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *