Головкин: «Канело, кетші әрі!»(видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин допинг дауына байланысты қарымта кездесуден бас тартып, мұнан кейін кешірім сұраған мексикалық қарсыласы Сауль Альварестің сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Геннадий Головкин

WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин баспасөз-мәслихатында кешірім сұраған «Канелоға» жауап беріп, мексикалық боксшының сөзіне қатысты пікір білдірді.

«Канело» кім? Барлығы оны Мексиканың жұлдызы екенін айтады. «Канело» соңғы баспасөз мәслихатында кешірім сұрады. Өзінің қателескенін жеткізді. Алайда бұл сорақылық дер едім. Мен үшін, ол – жұлдыз емес. Сондай-ақ, ол бокс үшін маңызды амбассадор саналмайды. «Канело» – нашар адам. Десе де көпшілік қарымта кездесуімізді қаласа, мен жекпе-жекке шығуға келісемін.

Қазіргі уақытта өзімді тамаша сезінемін. Мен енді күтіп отырмын. Ал «Канелоның» кешірім сұрап, мүләйімсігені есімде. Кетші әрмен», – дейді Головкин.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *