Канн фестивалінде ең үздік атанған қазақ қызы (видео)

71 Канн фестивалінде Қазақстандық Самал Еслямова әйелдер арасындағы «Ең жақсы рөл» марапатына ие болды. Ол Сергей Дворцевойдың «Айка» кинокартинасында мигрант рөлін сомдаған. Десе де, ол кешеге дейін киносүйер қауымның көзіне түсе қоймаған болатын. 

Ал, қазақстандықтар тіпті актрисаның атын да естімеген. Неге дейсіз ғой?! Аталмыш «Айка» фильмінің түсірілім уақыты бақандай 6 жылға созылған. Картина сценариінің авторы Геннадий Островски. Фильмді таспалау барысында ресейлік, неміс және қытайлық продюсерлер еңбек еткен. 

Бұл фильмнің бүгінгі жаңа заманның кемшіл тұстарын, кең қанат жайған дөкей мәселелерін көтергені көпшілікке ұнаған болу керек. Атап айтқанда, өмірдің қиын-қыстау кезеңіне төтеп бере алмай жүрген Айка есімді жас қыздың жаңа  туған сәбиінен бас тартуы. Өзі алып Мәскеуге енді ғана келген тұсы. Әрі қарай өмір сүруге ұмтылып, нәрестені тастай сала қашқан оның ендігі мақсаты материалдық жағдайын жөндеп, баласын қайтару болады. 

Фильмнен үзінді: 

     Самал Еслямова 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. 19 жасында ең алғаш рет кино саласына қадам басқан. Бұл қазақ даласында туылған Сергей Дворцевойдың қазақ даласы халқының өмірін бейнелейтін «Тюльпан» картинасы болатын.

Самал о бастан журналист болғысы келген. Бірақ тиісті ұпайды жинай алмаған ол Петропавлдағы өнер колледжіне түседі.   Дебюттік фильміне де осы оқу орнының қабырғасындағы кастингте тап болады.

     Ұзақ уақытқа созылған түсірілім барысы өз нәтижесін беріп, фильм 2008 жылы Канн Фестивалында «Ерекше көзқарас» аталымының бас жүлдесіне лайық деп табылған. Одан бөлек көптеген кинокритиктердің ыстық ықыласына бөленіп, бірқатар халықаралық байқаулардың жүлдегері атанады. 

   «Тюльпанның» түсірілімінен соң актриса Ресей театр өнері институты -ГИТИС-ке оқуға түсіп, оны 2011 жылы аяқтаған. Самал Еслямова қазіргі таңда Мәскеуде тұрады.  Ал мына бойыңды шымырлатып әкететін көріністе биылғы Канн Фестивалында ең үздік деп табылған Самал көрермендердің қошеметіне бөленіп тұрған сәті таспаланған.

Актрисаның жеке өміріне тоқталатын болсақ, әлі тұрмыс құрмаған. Айтуынша, бұған себеп ұзақ мерзімге созылып кететін съемкалар көрінеді. Ол болашақта өз отаны Қазақстанға қайтқысы келетінін де білдірген.

    Иә, «ат айналып қазығын табатыны» өтірік емес.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *