Келмес күндер

Авторы: Олжас БЕКҰЛАНҰЛЫ

Қайда сол бір кездерім аңсағаным?
Жүзіңе мен қараумен тамсанамын
Сол бір уақыт келмеске кеткені ме?
Келмес күндер… Өткенді аңса жаным!

Қайда сол бір шақтарым ақ арманым?
Сені күтіп мәңгілік тұрар бағым.
Жанарымнан жүрсең де жырақта сен,
Бір құшуға өзіңді құмар жаным.

Сен деп соғар мендегі жұмыр жүрек,
Сен дегенде барады жырым үдеп.
Сезімімді сен жаным сезе алмасаң,
Соны ойласам кетеді жаным жүдеп.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *