Керісінше ойлап көріңізші

Көңіл күйі жақсы болса, адам күледі:
Күлсе көңіл күй көтеріледі.

Көп болғандықтан бөліседі:
Бөліссең көбейеді.

Әдемі болғандықтан сүйеді:
Сүйсең әдемі көрінеді.

Дос болғандықтан сенеді:
Сенгендіктен достасады.

Табысқа жеткендер мақтау естиді:
Мақтаса, табысқа жетеді.

Жеткілікті болғандықтан қанағаттанады:
Қанағаттанса жеткілікті көрінеді.

Жүзеге асуы мүмкін істі ғана қолға ал:
Қолға алсаң ғана жүзеге асыру мүмкін болады.

Жастар қорықпай қадам жасайды:
Қорықпай жаңа қадамға баратындар қартаймайды.

Әлем өзгерді, ойыңды да өзгерт:
Ойыңды өзгертсең, әлем де өзгереді.

«1cm+» кітабынан

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *