Әкесінің басын кетпенмен шауып алып, өлтіріп қойды

Өзбекстанның Ферғана облысы «Навбахор» ауылының тұрғыны 56 жастағы әкесінің басын кетпенмен шауып алған. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай әке мен бала арасындағы жанжалдан болған деп жазады centralasian.org.

Оқиға 10 сәуірде болған. Көршісі 56 жастағы Дадажон Кучкаровтың ауруханада көз жұмғанын айтады.

Оралда келінін пышақтап өлтірген қайын ата жұрттың зәресін ұшырды
Оралда келінін пышақтап өлтірген қайын ата жұрттың зәресін ұшырды
«10 сәуірде әкесі мен ұлы картоп қазуға бақшаға кеткен. Онда екеуінің арасында жанжал туындаған. 30 жастағы ұлы әкесін кетпенмен ұрған. Ұлы оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оны іздеп жатыр. Дадажон-әка өзіне келместен, ауруханада көз жұмды. 11 сәуірде оны жерледі,» – дейді көршісі.

«Навбахор» ауылы тұрғынының бірі марқұм Дадажон Кучкаровтың өте қатыгез болғанын, ұлын жиі ұратынын айтады.

Қостанайда ұйықтап жатқан ана 5 айлық баласының қайтыс болғанын таңертең білген
Қостанайда ұйықтап жатқан ана 5 айлық баласының қайтыс болғанын таңертең білген
«Біз бір ауылда тұрамыз. Оның отбасындағы жанжалдың жиі куәсі болдым. Марқұм Дадажон-әканың бір ұлы, екі қызы болды. Қыздары Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Ол кішкентай кезінен ұлын жиі ұратын. Бұл баланың жүйкесіне кері әсерін тигізді,» – дейді ол.

Sn.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *