Кез келген жігіттің жынына тиетін 15 әрекет

Егер бәрі қарым-қатынасқа жігіттің көзімен қарайтын болса, айрылысулар әлдеқайда аз болар еді. Біз өзгелердің қателігінде үйреніп, барлық жігіттерге ұнамайтын қыздар айтатын сөздердің тізімін жасап көрдік. Егер төменде келтірілген «қара тізімнен» өзіңді көрсең, өзіңнің іс-әрекетіңе назар аударуды ұсынамыз. 

 

Әлеуметтік желілердегі «көп мәнді» жазбалар 

 

«Егер қыз періште болғанын қаласаң, оған жұмақтай жағдай жаса» сынды қарабайыр сөздер жігіттердің алғашында күлкісін келтіреді, ал кейін тіпті жынына тиеді. Егер оның саған жылы қабақ таныта қарағаның қаласаң, парақшаңдағы суреттер мен фразалар саған көмектесе алмайды. Жігіттер мұндай «ақылды» сөздерді көп пайдаланбайтынын өзің байқаған шығарсың? 

 

Жігіттермен өтірік болса да күреспе, төбелеспе 

 

Көптеген қыздар жігітін шымшып алғанды немесе нәзік дөрекілікпен ұрғанды жақсы көреді. Жігіттерге бұл қалжың ұнамайды екен, өйткені а) бұл ауыртады, б) олар жауап қайтара алмайды, ал кейде бұл тіпті орынды болар еді. 

 

Қысқа жауап беріп, жігіттің әңгімені жалғастырмайтынына ренжіме 

 

Егер ұзақ хабарламаға бар-жоғы «жарайды» немесе «күлкілі» деп жауап берсең, ол құлшыныспен хат алмасуды жалғастырады деп күтпе. Егер жігіт саған әрдайым хат жазғанын қаласаң – әңгіменің жалғасуына ықпал ет, қызықтыратын әңгіме айт. Немесе, байсалды кейіп танытып жүргенде ол сөзшең басқа біреуді тауып алар. 

 

«Бұл үшін әлі жауап бересің!» 

 

Егер ұрыстан кейін оны кешірсең, онда кез келген сәтті пайдаланып, жіберген қателігін бетіне баса беруді доғар. Сен кешірдің ғой, демек ол тақырыпты түбегейлі жабу керек. Егер қатты ренжітсе кешірмеу керек еді. Өткен оқиғаға қайта оралсаң оның кінәсін мойындатам деп ойлама, керісінше өзіңді беймаза адам ретінде көрсетесің. 

 

«Оған сонша қарадың ғой!» 

 

Жігіт сұлу қызға қарады екен деп онымен жауласудың қажеті жоқ. Әсіресе ол қыз – актриса немесе танымал модель болса. Бұл сенің өзіңе сенімсіз екеніңді көрсетеді. Сондықтан жігітке басқа қыздарға қарауға шек қою дұрыс емес, әсіресе егер өзің де кей кейде сымбатты жігіттерге тамсанатын болсаң. 

 

«Мен толықпын ба?» 

 

«Жоқ, торт жемеймін. Онсыз да толықпын». Егер жігітіңе әрдайым осы сөздерді айта берсең, бір күні ол сенімен келісуі де мүмкін, өйткені олай емес екенін айтудан жалығады. Оған комплекстеріңді көрсетпе, жігіттерге өзіне сенімді қыздар ұнайды. 

 

«Түсімде сен көзіме шөп салып жүрсің» 

 

Түсінде жігітін басқа қызбен көріп, өңінде ренжитін қыздар табылады. Иә, жаман түс екені рас. Мұндай жағдай орын алғанда оған ренжігеніңді білдіртпеу керек. Жігіттер онсыз да біздің орынсыз өкпелеуімізді түсіне бермейді, ал «түсімде сен менің көзіме шөп салып жүрсің» деген өкпеңнен мүлде «жарылуы» мүмкін. 

 

Жауабың білгің келмейтін сұрақтарды қойма 

 

Кейбір сұрақтарға дұрыс жауап беру мүмкін емес. Одан Джессика Альба әдемі ме деп сұраудың қажеті жоқ. Әдемі деуі әбден мүмкін. Ал сен бұл жауабына көңілің түсетіні анық. Қандай сұрақ болса, сондай жауап. Сондықтан өзіңді ақымақ жағдайға қойма. 

 

Онымен шектен тыс мәймөңкелесудің қажеті жоқ 

 

Шынымен, олар мысықтың баласы немесе томпақ үш жасар бала емес қой? Оған сыйластықпен қарасаң бағаң артады. 

 

Екіжүзділік 

 

Жігіттер қыздың онымен қылымси сөйлесіп, ал басқалармен дөрекі сөзге көшкенін бірден байқайды. Бұл екіжүзділік белгісі ретінде қабылданып, жиіркенішті көрінеді. Егер жігітің үшін сүйкімді, инабатты қызға айналмақ болсақ, бәрімен сондай қарым-қатынаста бол. 

 

Ол үндемей отырған сайын «не ойлап отырсың?» деп сұрай берме 

 

Егер жігітің үндемей отырса, демек ойында әлемді басқаруға бағытталған қаһарлы жоспар құрып жатыр деген сөз емес. Көбіне олар ешқандай артық ойсыз үндемей отырады, ал біз сол «ауыр ойдың» астарынан көптеген себеп іздейміз. Адамның ойын басқаруға тырыспау керек, адамның жеке кеңістігі болуына рұқсат ет. 

 

«Барлық жігіттер бірдей!» 

 

«Барлық жігіттер бірдей, бәрінің ойы бұзылған!» — деген сөздерді оңай айта саламыз. Ал бұл сөздер олардың көңіліне тиюі мүмкін екенін ойланбаймыз. Олар да адам және әр қыз оның қызығушылығын тудырып, ұната беруі мүмкін емес. Сондықтан жігітті бұлай айыптауды доғар. 

 

Пассивті – агрессивті әрекет 

 

Егер жігітіңнен бірдеңе қажет болса, онда қалауыңды тікелей сұра. Егер бірдеңе ұнамай тұрғаны түріңнен көрініп тұрса, ал оның не болды деген сұрағына «ештеңе» деп жауап берсең, бұл олардың жүйкесіне тиеді. Бұлай сен ештеңеге жетпейсің, және оның да көңіл күйін түсіресің. 

 

Досым… 

 

Егер онымен кездесуді қаламасаң, онда оның басқа қыздармен көңіл көтеріп жүргеніне ашуланба, ол бұған толық құқылы. Егер сен оны достар қатарына қосып қойсаң, ол да сені дос ретінде көре бастайды. 

 

Не ойлап, не сезетініңді айтып жүр 

 

Егер оның қандайда бір қылығы ұнамаса бәрі жақсы деп өтірік айтпа. Егер ол сенімен кездесудің орнына достарымен футболға бармақ болса, бұл саған ұнамайтынын айт. Егер өзің келісіп, жіберсең, онда ренжіме. Оның ойында тек өзі келісті ғой деген ой ғана тұратын болады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *