KFC жабылады, тауық тапшы

Британияда тауық етінің жетіспеуінен, KFC өз жұмысын тоқтатып жатыр.

Мейрамхана —  Лондонда, Бристольде, Уэльсте жабылды. Чешир, Девон, Саффлок, Беркшир округтерінде де жұмыс тоқтатқан.  

Британияда 900-ге жуық  KFC болған. Қазір, оның тек 279-ы жұмыс істеп тұр.

Тауық етінің жетіспеуінің бірден-бір себебі, жеткізумен қиындықтар туғанын айтты. Өткен аптада компания контрагентті ауыстырған. Енді, компанияға тауық етін – логистикалық центр DHL жеткізеді. Барлық мәселе жеткізудің өте кеш болуынан пайда болған. «Британияның барлық нүктесіндегі, 900 мейрамханаға тауық етін жеткізу оларға қиынға соғып жатыр» — деп мәлімдеді KFC.

«Тауық жолдан өтіп, мейрамханамызға кірмей кетті», — дейді компания «Твиттер» желісінде. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде үлкен резонанс туғызды.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *