Үкімет басшысы WorldSkills Kazakhstan IV чемпионатын тамашалады

Бүгін 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan IV чемпионатының үшінші күні өтті. Шараға Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындардың өкілдері, жұмыс беруші компаниялар қатысты. Үкімет басшысы байқау барысымен, әр мамандық бойынша қатысып жатқан студенттердің жұмыстарымен танысты. Бұл шара жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру үшін ұйымдастырылған. Төртінші рет өткізіліп жатқан сайысқа студенттердің қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Астанада өтіп жатқан биылғы WorldSkills Kazakhstan IV чемпионатына 30 мамандық бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 350-ге жуық үміткер бақтарын сынап жатыр. Байқау қатысушылары – колледж және ЖОО студенттері. Білім және ғылым министрлігі “Кәсіпқор” холдингімен бірлесе ұйымдастырған чемпионатқа қатысқан әр студент болашақта жұмыспен қамтылатындығына кепіл берілген. 
Суреттер baq.kz сайтынан
Чемпионат «Кірпіш қалау», «Бояу және әрлеу жұмыстары», «Кондитерлік шеберлік», «Электроника», «Қонақ үй әкімшісі», «СББ станоктарындағы жонушы», «Веб-дизайн», «Графикалық дизайн», «Дизель қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету», «Желілік және жүйелік әкімші», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі», «Мехатроника», «Электромонтаж жұмыстары», «Визуал мерчандайзинг және витринистика», «Жеңіл көліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «Сантехника мен жылу беру», «Мейрамхана қызметі», «CAD инженерлік графикасы», «Көлік сыртын жөндеу», «Мобильді робототехника», «Шаштараз», «Сән технологиясы», «Бидай мен бидай өнімдері сапасын анықтау», «Дәнекерлеуші», «Тақта қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ», «Аспаз», «Наубай», «Салқындатқыш және желдеткіш құралдары», «Бизнестің ІТ шешімдері» біліктіліктері бойынша өтіп жатыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *