Кириллицаны бірден латыншаға айналдыратын бағдарлама шықты

Өмен Мағжан Айдосұлы

21 жаста.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Математика және ақпараттық жүйелер» факультетінің 3 курс студенті.

— Мағжан, керемет қолжетімді дүние ойлап тауыпсың. Жалпы бағдарламаны қанша уақытта қолданысқа енгізуге мүмкіндік алдың?

— Латын әрпіне өту керек дегеннен кейін жылдам әрі ыңғайлы бағдарлама ойлап тапқым келді. Көп мүмкіндіктерңн қарастырдым. Ойым әсте қиын болмай, 1.5 айдың ішінде қолжетімді бағдарлама дүниеге келді.

— Бағдарлама жайлы айтып өтсең… Қандай бағдарлама? Барлығына қол жетімді ма? 

Бағдарлама автоматты түрде кириллицадан латынға аударуға арналған. Жүйе толықтырылып жатыр. Дегенмен қазірдің өзінде оны кез-келген компьютерге бейімді адам қолдана алады. Ал, негізі емле бекітілгеннен кейін барлығына қол жетімді болады. 

— БаҒдарламаның тиімділігі мен ерекліктерін атап өтсең

Ерекшелігі 1 минутта 30 000 символ аударады. Тиімділігіне келетін болсақ, кез келген көлемде шектеусіз аудара беруге болады. Кириллицамен жаза бересіз, автоматты түрде латын әрпімен аудара береді. Латын әрпінде жазылған формула барлығы латын әрпінде қалады. Шрифт өзгертпей, сол қалпында сақтайды. 

— Клавиатурадан енгізіле ма?

— Иә, клавиатурадан енгізілетін болады. Тандайтын тілдер қатарына «Латынша» деген нұсқа қосылады. Сол жерден тандау арқылы бекітіледі. Жақында осы бағдарламаның мобильді нұсқасын  жасап апармақшымын. «Менің арманым» деген жобаға қатысып жатырмын. Сол жобаның жартылай финалында ұсынамын. Тағы біраз өзгерістер енгіземін. Сканерлеу арқылы аударатындай жасап шығару жоспарда бар.

— Бұл бағдарлама компьютерге ғана ма? Әлде смартфондарға да қол жетімді бола ма? 

— Қазір қолданысқа енгізілгені компьютерге ғана арналған. Смартфондарға осы шілде айында жасалынып бітеді деп жоспарлап отырмын. Интерфейсін ғана жасап жатырмын. App Store және Play Market-ке нақты емлемен бірақ шығарамыз. 

— Осы бағдарламаны шығарған соң, саған көптеген БАҚ өкілдері қызығушылық білдірді ғой. Содан кейін саған мемлекет тарапынан қандай да бір ұсыныс түсті ма? 

— Жоқ, мемлекет тарапынан ұсыныс түспеді. 

 — Тағы қандай жаңалықтармен қуантасың?

— Алдағы уақытта тек бағдарламамен ғана емес, робототеxникамен де айналыспақшымын. 

Бұл алғашқы және соңғы бағдарламам емес. Бұдан да басқа бағдарламаларым бар. Жалпы саны бас-аяғы 30-40 бағдарламам бар деп айта аламын.

— Мағжан, сұқбат бергеніңе рақмет!

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *