Кітап оқығанда есте сақтаудың 10 тиімді әдісі

1. Кітаптар тізімін реттеп шығыңыз
Көпшілік қауымда кітаптарға деген ашкөздік байқалады. Біз кітаптарды үйіп сатып алғанымызбен, олардың бірен-саранын ғана оқимыз. Оқылмаған кітаптардың көлемді тізімі бойыңыздағы бар мотивацияны жоятынын естен шығармаңыз. Сондықтан алғашқы кеңес – кітаптарды үйуді тоқтатыңыз!

2. 50 бет ережесін қаперіңізде сақтаңыз
Қызықсыз кітаптарды оқу үшін өмір тым қысқа. Егер кітаптың алғашқы 50 беті сізді қызықтырмаған болса, онда екінші мүмкіндік туралы ұмытқан жөн. Әлемде жыл сайын мыңдаған жаңа қызықты кітаптар жарық көреді емес пе?!

3. Кім және не үшін жазғанын анықтаңыз
Оқымас бұрын кітаппен танысыңыз: автор туралы пікірлерді сараптап, оқығыңыз келген кітап мазмұнына көз жүгіртіңіз. Кіріспеде кітаптың кімге арналғаны, автордың қандай ой жеткізгісі келгені жайлы ақпар берілуі әбден мүмкін.

4. Альтернативті нұсқалар барын ұмытпаңыз
Егер кітаптар сізге тым ұзақ және қызықсыз көрінсе, онда форматын өзгертіңіз. Бүгінгі таңда: мақалалар, аудиокітаптар, подкасттар, инфрографикалар, лонгридтар мен дайджесттер бар. Ең бастысы – өзіңізге ыңғайлысын тапсаңыз болғаны.

5. Қарындашпен оқыңыз
Өзіңізге ұнаған цитатаны сызып қойыңыз. Егер сіздің кітаптан түйер ойыңыз болмаса, онда оны оқу бос әурешілік. Кітапты қағазға терілген құр сөз тізбегінен үлкенірек нәрсеге айналдырыңыз. Сонда ғана сіз оның өзегіне жетесіз.

6. Күніне 30 беттен кем оқымаңыз
Әр адамның кітап оқуды өз ритмі болады. Кей жандар бір кітапты айлап, енді біреулері 2-3 күнде бітіреді. Бірақ қарапайым оқу формуласы бар. Күніне 30 беттен кем оқымауға тырысыңыз. Осы темппен сіз аптасына бір кітапты, ал жылына 60 кітапты артта қалдырасыз. Керемет жетістік!

7. Жанрларды араластырып отырыңыз
Барлығының сүйікті жанрлары бар. Дегенмен, детектив, не болмаса психологиялық кітаптарға үңіле берсеңіз – тез жалығасыз. Осындай жағдайда жанрларды араластырып отырған жөн. Классикадан соң фантастика, одан кейін – детективке көшсеңіз жалықпасыңыз анық.
Әдеби жанрларды араластыру арқылы сіз өзіңіздің ой өрісіңізді, ал оқыған кітаптарыңызды талқылау арқылы ортаңызды кеңейтесіз.

8. Оқығаныңызбен бөлісіңіз
Егер сіз кітапты мұқият оқыған болсаңыз, біршама цитаталар мен ойлар жиналып қалғаны айқын. Бұл ақпарат өте құнды, сондықтан онымен бөліспеу – ауыр болмақ.
Өзіңіздің блогыңызда оқыған кітаптарыңызға рецензия қалдырып, цитаталарыңызбен бөлісіңіз. Біріншіден, сізде цитаталарды сақтайтын қор пайда болады; ал екіншіден, оқырмандарыңызға кеңес болады.

9. Белгілеген жазбаларыңызды қайталап оқып тұрыңыз
Оқыған кітаптарыңыздың қызықты тұстарын белгілеп, біршама уақыттан соң соны оқып отырсаңыз артық етпейді. Қайталау – білім анасы демекші, кітаптың негізгі идеялары сіздің жадыңызда сақталады.

10. Оқыған кітабыңызды талқылаңыз
Оқығаныңызды ұмытпаудың тағы бір тәсілі – достарыңызбен бөлісу. Ал достарыңызбен бірге оқысаңыз тіптен жақсы. Ортақ қызығушылық, әсте, достықтарыңызды нығайта түсері сөзсіз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *