«Компьютерсіз-ақ оны меңгеруге үйретемін»,-Овура Кванду

    Қандай да бір істі қолға алу үшін біз оған жетудің амалдарын қарастырамыз. Ондай тәсілдер болмаған жағдайда, алған істі қайта жаба салуды жөн санаймыз. Бірақ, бұл таптаурынды Гана елінің мектеп оқытушысы бұзған секілді. Ол оқушыларына компьютерлік сауаттылықты қазіргі заманғы құрылғыларсыз-ақ үйретпек.

   Овура Кванду өзінің әлеуметтік желісіндегі жазбасында мектепте оқушыларына Microsoft Word бағдарламасын қалай үйрететіндігімен бөлісті. Ең қызықтысы – ол осы бағдарламаның интерфейсін кәдімгі тақтаға суретін салып тұрып үйретеді.

       «Әр мұғалімнің қолданатын оқу әдісі әрқалай, менікі – міне, осындай. Оқушыларымның барлығы түсінбегенше, сыныптан ешқайсысы шықпайды»,-дейді Овура Кванду.

     Ерекше оқу әдісімен ерекшеленген Овураның жазбасы барлық әлеуметтік желілерге тарап кетті. Бірі мұндай оқыту әдісін қолдамаса, басқалары мектептерде XIX ғасыр бола тұра, компьютерлік құрылғылардың жоқтығын айтты. Бірақ Овураға мұндай жағдай кедергі болмады. Оның айтуы бойынша, жоғарыдағылар барлық жағдайды жасап отыр. Көптеген оқытушылар мен студенттер компьютермен қамтамасыз етілген, ал Кумаси қаласына мұндай прогресс әлі де жете қоймаған, сонымен қатар мектептерде электр қуатымен біраз мәселелер бар.

Овура Кванду

     Оқытушы Овураның жазбасынан кейін, Гана мектептерін компьютермен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілген сияқты, тіпті жұлдыздардың өздері қажетті құрылғылар мен прожекторларға ақша жинап, Кумаси қаласындағы мектептерге көмектесті.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *