Критериалды бағалау: несімен тиімді

Оқуды тиімді бағалау  білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең болып табылады. Бүгінде жаңартылған білім беру жүйесі енгізілгелі оқушыны бағалау түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтті. Жаңа жүйе бойынша білім алушылар күнделікті сабақта топтық жұмыс арқылы  өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, бір-біріне шынайы баға қоюға талпынады. Нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Топтық жұмыстың ерекшелігі сол, әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, жаңаға ұмтылыс.  Баланың тоқсандық балы электронды журналға қойылады. Оқушы әр күнгі үлгеріміне қарай өзіне-өзі баға береді. Ал дәптерлеріне түрлі жұлдызшалар қойылады. Бүлдіршін әрдайым күліп тұрған смайлик алуға тырысады.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы (формативті) бағалау және жиынтық (суммативті) бағалау.

Қалыптастырушы — бағалаудың бұрын соңды болмаған, ерекше түрі. Ол — күнделікті сабақта қойылатын баға. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жеттімен»  тағы бағаланады. Яғни,  мұнда мұғалімнің мақсаты – бағалау емес, баланың прогресін анықтау және балаға таным процесінде көмектесу. Бұл әдіс бағалаудан гөрі, балаға көмек рөлін атқарады. Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты етеді.

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу мезгілі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер бойынша қойылатын балл. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесін шығарады.

Қорыта айтқанда, жаңа бағалау жүйесі арқылы орнайтын кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға, екіншіден, келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге көмектеседі. Яғни, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға, уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Сондай-ақ, оқушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *