робот

Әлемдегі ең автоматтандырылған ел анықталды

Халықаралық Робототехника Федерациясы (IFR)  өнеркәсіптегі роботтардың статистикасын жариялады. Бұл саладағы көшбасшы ел – Оңтүстік Корея, ал ең қарқынды дамып жатқан ел – Қытай болды, деп жазады hightech.fm.

білім
42-18778076

Әлемде орта есеппен өнеркәсіптік сектордағы 10 000 қызметкерге 74 роботтан келеді (2015 жылы – 66 робот болған).

Ал, материктер арасында Еуропа (10 000 жұмысшыға 99 робот) көш бастап тұр. Одан кейін Солтүстік пен Оңтүстік Америка (84) және Азия (63).

“Қызметкерлер санына байланысты роботтардың санының қатынасы – бұл салыстыру үшін тамаша параметр. Бұл әртүрлі елдердегі өнеркәсіптің автоматтандырылу деңгейін өлшеуге мүмкіндік береді” – дейді IFR президенті Юнджи Тсуда.

Өнеркәсіптің жедел роботталуы нәтижесінде, мысалға Азияда экономикалық өсудің қарқыны  айтарлықтай байқалады. 2010 – 2016 жылдар аралығында роботтардың салыстырмалы үлесінің орташа жылдық өсу қарқыны  Азияда – 9 пайыз, Америкада – 7 пайыз, ал Еуропада – 5 пайызды құрады.

Автоматтандыру деңгейі ең қарқынды дамып келе жатқан ел – Қытай. 2013 жылы өнеркәсіпте жұмыс істейтін 10 мың қызметкерге 25 роботтан келсе, 2016 жылы 68-ге дейін жеткен. Қазіргі уақытта ҚХР роботтандыру бойынша әлемдік рейтингте 23-орында.

Ал, бірінші орында – Оңтүстік Корея, 10 000 қызметкерге шаққандағы тығыздығы  631 роботтан  келеді. Роботтандыру саласы Оңтүстік Кореяда  2010 жылдан бастап электроника мен автокөлік өнеркәсібінде орын алған.

Екінші орында Сингапур – 488 робот, үшінші орында Жапония (303 робот).  Ал Шығыс Еуропада алдыңғы қатарда Словения (137 робот), Словакия (135 робот) және Чехия (101 робот).

Ең автоматтандырылған TOP 10 елдер:

1)Оңтүстік Корея

2)Сингапур

3)Германия

4) Жапония

5)Швеция

6)Дания

7)АҚШ

8)Италия

9)Бельгия

10)Тайван

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *