Мәдина Садуақасова қарттарға қайырымдылық кеш өткізді

Мәдина Садуақасова батыс өңірлеріне арналған гастрольдік сапарын бастады. Концерттен бұрын өнер иесі қарттар үйіне арнайы барып, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарға барып, ән шырқап берді. Қариялардың батасын алып, көптің көзайымы болып үлгерген Мәдинаның кешіне енді халық көп жиналуы ғажап емес.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасына жазып, кештегі видеоларымен бөлісті.

«Ақтау қаласындағы концертімнің алдында қарттар үйіне соғып, сол жерде кішігірім концерт қойып, үлкен кісілердің көңілдерін аулап, ақ баталарын алып қайттым. Әрине, тағдырдың жазғанына шара бар ма… Бірінің балалары өмірден ерте өтіп, ата-анасы жалғыз қалды. Бірінің балалары ата-анасына уақыт таба алмады. Әттең, алдымызда не күтіп тұрғанын ешбір пенде білмейді ғой. Ата-аналарымызды қадірлейік, құрметтейік, ағайын», – деп жазды Мәдина Садуақасова.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *