Мәңгілік махаббат

      Естай Беркімбаев – Павлодар облысының тумасы, қазақтың ақыны, композитор. Бала кезінен-ақ музыкамен айналасып, танымал болған. Тарихқа көз жүгіртсек, шамамен 1984 жылы ақынды бай адамның ұлымен бірге Маралды ауылына баруды өтінген екен. Сол уақыттарда 20 жастағы Естай Қосни және Қорлығайын атты бай бидің қыздарымен танысады. Үлкен қызы Қорлығайын мен ақынның бір-біріне деген ғашықтық сезімі оянады. Қорлығайынды еркелетіп Қорлан деп атаған. Ауылдарының ара қашықтары 400 шақырым болса да екеуі Қоснидің көмегімен тығылып кезедесіп жүрді. Тығылғандарының себебі Қорлығайын бір байдың ұлымен атастырылып қойған екен. Естай ғашығын алып қашқысы келген, бірақ, бұл жоспарын біліп қойған қыздың әкесі, Қорлығайынды тездетіп тұрмысқа берген. Әкесіне қарсы шыға алмаған Қорлығайын, көніп кейін төрт баланың анасы атанған. Дегенмен, өмірінің соңына дейін ақынды жақсы көріп өтті.

     Естай да Қорлығайынды өмір бойы сүйді. Қорланнан естелік ретінде тек жүзік қалған еді. Сол жүзікпен ол ешқашан айырылмайтын. Ақын өз әйелін өте құрметтеді, бірақ Қорлығайынды сағынып, қиналғанын жасыра алмады. Естайдың құрдасы Жұмахан өзінің әңгімелерінде оқушысы, Кәрім Баймұратовқа, ақынның үйіне барғанда оған әйелі «шаршадым, таңертеңнен кешке дейін Қорланың сағынып жүреді, алып кетші оны, Қорланға апар» деген екен.  Жасөспірімдік махаббат осындай күшті бола алады екен.

    Естай Қорланға арнап көп әң шығарған, ең танымалы- “Қосни Қорлан”. Осы әннің орындалу нұсқалары өте көп. Əсіресе, Батырхан Шукенов, Димаш Құдайбергенов, iFLY тобының нұсқаларын атап кетуге болады дейді, mix.tn.kz.

     «Тіпті, 67 жастағы Естай ерекеше қобалжумен “Қорлан” әңің орындайтын. Домбыраны қолын алып, ұзақ үндемей отыратын. Алысқа ұзақ қарап, күрсініп, көз жасын сүртіп қойып бірақ тартатын. Әнінен адал махаббат сезіледі. Әнін аяқтағаннан кейін қолындағы жүзігіне қарап, «иә, жандарым, бұл жүзік сол бақытты күндердің куәгері. Теңдесі жоқ Қорланнан естелік» дейтін, кейін тағы ұзақ үндемей отыратын», — деп Ахмет Жұбанов жазды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *