Мөлдір Әуелбекова басшылыққа тағайындалды

Әнші Мөлдір Әуелбекова Алматыдағы «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөліміне басшы болып тағайындалды. Бұл жақсы жаңалықты алғаш болып жеткізген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Айдар Қырықбай болды. 

«Сүйінші! Халықаралық байқаулардың лауреаты, күміс көмей әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігіндегі эстрада бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Мөлдір ханым, қызмет құтты болсын. Шығармашылық табыс тілеймін», – деп жазды Айдар Қырықбай өзінің Facebook-парақшасына.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *