Мұндай сыйлық сыйламаңыз, қауіпті…

Сіз сыйлықты дұрыс таңдай білесіз бе? Қауіпті сыйлықтар жайында хабардарсыз ба? Жақын адамыңызға сыйлық таңдамас бұрын мына ақыл-кеңестерге назар аударыңыз!

Ақша.

Ақшалай сыйлық сый беретін адамның өміріне сәтсіздік әкелуі мүмкін. Мұндай сыйлық иесі, сонымен қоса өзінің әл-ауқатын жоғалтады деген сенім бар.

 

 

 

Әмиян.

Сыйлыққа әмиян бермеңіз және оны сыйлыққа алмаған да жөн. Ақшалай сәттілігіңізді жоғалтып алуыңыз әбден мүмкін. Егер әмиянға ақша салып берсеңіз, онда керісінше, байлыққа кенелесіз.

 

 

Ыдыс-аяқ.

 Ырымға сәйкес, сыйланатын ыдыс мейлінше  бос болмағаны дұрыс – ақша жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Бірақ, егер сіз ішіне монета, тағы басқа да заттар салып берсеңіз, керісінше, бақытқа кенелтеді.

 

 

Кітап.

Мұндай сыйлық ерлі-зайыптыларға берілмеуі керек. Кітап сыйланатын болса, неке адалдығын бұзады деп сеніледі.

 

Айна.

Бұл зат – мистикалық болып есептеледі. Сондықтан оны қабылдамаңыз және бермеңіз, себебі айна үйде біртүрлі құбылыстар тудыруы мүмкін.

 

 

Сүлгі.

Сыйлыққа сүлгі ұсынылмайды. Сыйланған жағдайда өзімен ауру алып келетіні жайында сенім бар, не жақындарыңызбен ұзақ көріспеуіңіз ғажап емес.

 

Сағат.

Сағат сыйлаған адам екеуіңіздің араларыңызда кикілжің пайда болып, араздыққа әкеп соғады.

                                                                                               

 

 

Айзада Асылханова

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *