Мәрлен Саятұлы «Сарыарқа барысы» титулының иегері атанды

 

ҚарМУ білекті де, жүректі чемпиондарға бай. Солардың бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  жүлдесіне орай өткізілген «Сарыарқа барысы» турнирінің жеңімпазы —  Мәрлен Саятұлы Жанғабыл. 

Мәрлен Саятұлы  — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекттік университетінің сыйлы оқытушысы. Спорт саласында жетістікке жетіп, университетет намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген дзюдо чемпионының спортқа деген қызығушылығы кішкентай кезінен басталған екен.  

Марлен Саятұлы — самбодан спорт шебері, қазақ күресінен спорт  шеберілігіне үміткер. Аталған спорт түрінен Самбо жұлдыздары арасында өткен  әлем чемпионатының  ІІІ орын иегері. Тәйімбет Көмекбаев атындаы халықаралық мемориалда  ІІ орын, қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов  атындағы халықаралық турнирдің  ІІІ орын, дзюдо күресінен Еуразия университетінің  ректоры жүлдесінің  екі дүркін күміс жүлдегері. Қазақ күресінен  Сарыарқа және Арай спартакиадаларының  жеңімпазы. 

Спортты жанына серік еткен ағайымыздың алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз. Тотами үстінде жауырыныңыз жер иіскемесін!

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *