Махаббат ол…

🎶 Сазгердің махаббат жайлы түсінгені:
Бір жүректе екі махаббат өмір сүре алмайды.
Бір кеңістікте екі түрлі әуенді ойнауға болмайтыны сияқты.

🍳 Аспаздың махаббат жайлы түсінгені:
Сорпа мен махаббат ыстық кезінде дәмдірек болады.
Бірақ тым ыстық болса күйіп қалуың мүмкін.

🐵 Антропологтың махаббат жайлы түсінгені:
Егер мен аустралопитек болсам, енді ғана пайда болған қос қолыммен сені құшақтап, хомо-эректус болсам сенің түніңе отпен жарық сыйлап, хомо-сапиенс болсам жанымды шүберекке түйіп сен үшін аң аулар едім.

💡 Электротехнологтың махаббат жайлы түсінгені:
B=kI/r (магниттік өріс пен қашықтық кері пропорционалды) деген формуланы махаббат теріске шығара алады.
Сен қанша алыста болсаң да менің махаббатым әлсіреген емес.

🌸 Бағбанның махаббат жайлы түсінгені:
Тилландсияға үш күнде бір рет, гринсуанға айына бір рет су құю керек. Егер керісінше істесеңіз, тилландсия қурап қалады да, гринсуан шіріп кетеді. Махаббат дегеніміз — ол адамға не керегін түсіну.

✨ Астрономның махаббат жайлы түсінгені:
Оның өмірі көктемгі Арктур жұлдызындай жарық шашқан кезде де, күзгі Алиса жұлдызындай көмескі тартқан кезде де, ол менің көзіме әрдайым сәулесі сөнбейтін Сүмбіледей көрінеді.

✏ Ақынның махаббат жайлы түсінгені:
Сенімен бірге өткізген күнім Джон Китстың өлеңіндей сезімтал,
сенсіз өткен сағатым Феогнидтің жырларындай мұңға толы.

💕

Жақсы көрудің, сезімді жеткізудің алуан тәсілі бар.
Олардың бәрі өзінше әдемі, өзінше әсерлі.
Өмірге келген екенсіз, сүйіңіз!

«1cm art» кітабынан

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *