Мемлекеттік ЖОО-лар басшыларын анықтау бойынша комиссия отырысы өтті

Астанада еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындары басшыларының кандидатын анықтау бойынша отырыс өтті. Оған республикалық конкурстық комиссия мүшелері қатысты, деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

Мемлекеттік ЖОО-лар басшыларын анықтайтын республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті. Оның құрамына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Жиында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының лауазымдарына кандидаттарды анықтау мәселесі қарастырылды. ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев конкурс рәсімі туралы қысқаша түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ЖОО-лардың байқау кеңестері мүшелерінің кандидаттарды тыңдау нәтижелері туралы баяндады.

 Отырыста:

  1. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының лауазымына тағайындау конкурсына қатысушылармен:

— Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы;

— Едрисов Азамат Тіржанұлы;

— Көбеев Еркін Қиноятұлы;

— Өмірбаев Серік Мәуленұлы;

— Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы.

  1. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының лауазымына тағайындау конкурсына қатысушылармен:

— Күлдеев Ержан Итеменұлы;

— Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы.

  1. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ректорының лауазымына тағайындау конкурсына қатысушылармен:

— Дощанова Алма Иргибайқызы;

— Жарлығасов Жеңіс Бахытбекұлы;

— Ибрагимов Примқұл Шолпанқұлұлы;

— Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызымен әңгімелесу өтті.

Баспасөз қызметінен келген баяндамада: «Комиссия жиынының қорытындысы бойынша, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Едрисов Азамат Тіржанұлын, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университінің ректоры лауазымына Дощанова Алма Иргибайқызын тағайындау туралы шешім қабылданды», — делінген. 

Сонымен қатар, Комиссия Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті басшысының лауазымына кандидатты анықтау бойынша конкурсты өткізілген жоқ деп танып, қайта конкурс өткізуді ұсынды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *