«Кореяда айына 2,5 мың доллар табыс таптым»

        Беловодское ауылының (Қырғызстан) тұрғыны Авасбек Рысманов Оңтүстік Кореяда алты жыл қалай өмір сүргені жайлы Спутник- Қырғызстанға баяндап берді. Жігіт ұшаққа билет алу үшін 700 долларды бір жыл бойы жинағанын есіне алады. Ол үшін күзетші болып, қияр, қызанақ, қызылша өсіріп, қосымша табыс тапқан. Инчхон қаласына келген соң жігітте мәдени шок болған. «Бір ғана әуежайының өзі Бішкектің ауқымындай. Мен тек қана «Уау!» дей алдым. Өмірімде мұндай биік ғимараттар мен тамаша жолдарды көрген емесін. Алты жыл Кореядағы өмірімде бір рет болса да балшық бақан емеспін. Онда барлық жерге асфальт төселген»,- дейді Авасбек. Оңтүстік Кореяда қырғызстандық LG техникасына  корпустар шығаратын зауытта оператор болып жұмыс істеді. «Бірінші айда мен 800 доллар жинадым, кейде 2,500 долларға дейін пайда таптым. Іс жүзінде жұмыс уақыты 8-ден 17-ге дейін, бірақ мен дереу жұмыс істеуге дайын екенімді айтты. Мен мигрант болдым және табыс табуға келдім. Кейде 12 сағат жұмыс істеген кездеріміз болды, бірақ үлкен жалақысы да соған сай. Өзіме 300 доллардан артық ақша жұмсамадым, сондықтан қалдырып отыруыма мұмкіндік болды», — деп мойындады ол.

     Оның айтуынша, Кореяда жұмысқа бір минутқа да кешігуге болмайды. Сондықан, адамдар жұмысқа жарты сағат бұрын келеді. «Бұл елдің әрбір азаматы өз жұмысын сапалы, тиянақты атқарады. Мен де олардың осы әдетін үйренуге тырыстым»,- дейді жігіт. Оңтүстік Кореяда негізінен шошқа етін жейді, бірақ Авасбек үшін бұл қиындық туғызбады. «Иә, бізге сиыр еті қандай болса, шошқа еті де олар үшін сондай. Мен басшыма оны жей алмайтынымды айтқан едім, аспаздар маған жеке тағам әзірлейтін болды. Ол жақта жұмысшылардың көзқарастарына аса мән береді»,- дейді. 

      Осы жағдайдың бәріне қарамастан Авасбек өз еліне қайтып келді. «Өз еліңнің қадірін өзге елде жүргенде ғана сезінеді екенсің. Шет елдік қыздарға үйленетіндерді сынағаным емес, бірақ, маған өзіміздің қыздарымыз ұнайды. Елге оралған соң 2016 жылы отау құрдым, қазір қызымыз бар. Жер алып, карто егуді бастадым. ЕАЭ-нің арқасында фермерлер енді өз кәсіптерін бастай алады. Біз өнімдерімізді алып сатарларға арзанға сатпаймыз. Қазір көп өнімдер экспортталады»,- дейді Рысманов.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *