«Мен неге жұмыс таба алмай жүрмін?»

Жұмыс іздеу барысында көптеген жастар қарапайым нәрселерді жадынан шығарып алады. Тез әрі тиімді жұмыс тапқыңыз келсе төмендегі қателіктерге бой алдырмауыңыз қажет:

1 қателік. Дәлелсіз қорқыныш пен сенімсіздік. Бұл мәселе көбінесе оқу орнын  алғашқы рет бітірген тұлғаларды жұмысты іздеу кезінде жиі мазалайды. Бұл жағдайда түлектерді мынадай сұрақтар алаңдатады: егер жұмыс беруші мені жұмысқа қабылдаудан бас тартса, не болады? Әңгемелесу кезінде өзімді қалай ұстауым керекпін? Мүмкін бұл мәселені кейінге қалдыру керек шығар? Мұндай шарасыздық психологиялық кедергілердің пайда болуына әкеледі. Одан шығар жол тек біреу – оны жеңіп, өз күшіңе сену. Ол үшін іштей ойды нақтылап, бастапқы нүктесін белгілеу керек. Мысалы: мен мұны істей аламын, онда тұрған еш қиындық жоқ, ең бастысы, бастасам — бәрі менің қолымда. Жұмыс берушіге нық сеніммен, қисынсыз сәтсіздіктен арылып бару қажет. Сенімділік, жұмысқа орналасуға тырысу басты бағдар мен басымдылық болмақ.

2 қателік. Дұрыс толтырылмаған түйіндеме. Түйіндеме – үміткердің жарнамасы іспеттес, еңбек жолындағы фактілерді көрсететін, жеке және байланыс деректері бар құжат. Түйіндеменің мақсаты – жұмыс берушінің қызығушылығын арттыру, оның үміткермен жеке кездесуге деген қалауын арттыру. Түйіндемені қарауға жұмыс беруші көп уақыт жұмсамайды. Алайда бір түйіндемеге 2-3 минуттай уақыт кетері рас. Енді жұмыс берушінің сіздің түйіндемеңізді алып, ашып, бірінші жолынан бастап, қаптаған қателіктерге ұрынып, толтыру кезіндегі кемшіліктерді байқағанын елестетіп көріңіз. Ол не істейді? Әрине, мұндай түйіндеменің  қоқыс жәшігіне кетері сөзсіз. Түйіндемені жазу бес минуттық жұмыс болмауға тиіс. Түйіндемені толтырудың стандартты ережелері сақталып, оны рәсімдеуге сәйкес бірнеше рет тексеріліп, түзетіледі.

3 қателік. Сіз жұмыс берушіні кәсіпорынға қажетті маман ретінде қызықтыра алмадыңыз. Бұл қателік, негізінен, бетпе-бет тілдесу кезінде кездеседі. Ол шамамен мынадай жағдайда орын алады: жұмыс іздеуші үміткермен кездесуге келіскен уақытта белгіленген орынға «бос қол» келеді және әңгімелесу кезінде бастықтың жұмсақтығын пайдаланып, бірден жұмысқа алуды көздейді. Әңгімелесуді бұлай елестететін үміткер ыңғайсыз жағдайға тап болады, себебі оны жұмысқа алмай қояды. Есіңізде болсын, әңгімелесу – бұл зор мүмкіндік, оны жіберіп алмаңыз. Өзіңіз, жетістіктеріңіз туралы айтып беріңіз, оны барынша көндіруге тырысыңыз, керек болса, білім туралы және қосымша курстардан өткені туралы басқа да құжаттарыңызды көрсетіңіз. Ең бастысы, өзіңізді жақсы жағынан көрсете білу, жұмыс берушіні қызықтыру. Жұмыс берушімен әңгімелесуге алдын ала дайындалу қажет.

4 қателік. Әңгімелесуге кешігіп келу. Болмашы ғана қателік, бірақ кейбір жағдайда кешірілмейтін ағаттық болып есептеледі. Жұмыс беруші ұқыпты, еңбек тәртібін бұзбайтын маманды алғысы келеді. Кешігу сізді жаман жақтан сипаттайды. Мұны да есте сақтау керек. Сонымен қатар, жұмыс беруші өзінің жұмыс уақытын алдын ала белгілеп, әңгімелесуге бірден бірнеше адамды  шақыруы мүмкін. Сіз кешіккеннен кейін, өзге үміткерлер күтуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайда әңгімелесудің уақыты басқа күнге ауыстырылуы мүмкін немесе сізді жұмысқа алмай қояды.

5 қателік. Этикет ережелерін өрескел бұзу және жаман мінез таныту. Әңгімелесу жұмысшы мен үміткердің іскерлік қарым-қатынасын білдіреді. Бір тарап жұмыс жөнінде ұсыныс жасаса, екіншісі сол тарапқа өзінің қажеттілігін дәлелдеуге тиіс. Мұндай жағдайда қалай болса солай киіну, дөрекі сөйлеудің, арсыздық пен алдаудың қажеті жоқ. Мысалы: Әңгімелесуге ашық түсті футболка, шолақ шалбар, бейсболка киген (кірген кезде оны шешпейді) адам келді. Әңгімелесу кезінде бірнеше рет балағат сөздер айтып, сөздерінен өтірік сезіледі. Сіздің ойыңыз бойынша, жұмыс беруші мұндай адамды  қабылдай ма? Әрине, жоқ. Мұндай қателіктер жұмыс іздеу кезінде жиі орын алады, олар жұмысшы мен үміткердің қарым-қатынасына бастапқыдан кедергі келтіреді. Егер көздеген мақсаттарыңызға жетем десеңіз, мұндай қателіктерге жол бермеу керек.

egov.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *