Мессидің «Челсиге» соққан алғашқы голы

20 ақпанның кешінде Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық матчтары өтті. Лондондық «Челси» өз алаңында «Барселонаны» қабылдаса, «Бавария» Мюнхенде «Бешикташқа» қарсы ойнады. 

Британия астанасында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші болып есепті алаң иелері ашты.  62-ші минутта бұрыштама добын қабылдаған Виллиан қақпаны дәл көздеді. Ойынның 75-ші минутында Лионель Месси Иньестаның пасын голға айналдыра білді. Бұл Месси үшін «Челси» қақпасына соғылған алғашқы голы еді. Осылайша қарсыластар тең тарқасты. 

Келесі ойын наурыздың 14 күні «Камп Ноу» стадионында өтеді. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *