кино

Өмір сүруге құлшынысыңызды артыратын фильмдер

Бейбіт жауынгер / Мирный воин

♦ Әр секунт сайын әлемде бір жағдай орын алады. Олардың әрқайсысының өзіндік мағынасы бар…

кино

Фильм спортта өз мансабын құруды армандайтын жігіт жайында. Айта кету керек, кинокартина өмірде болған жағдайға негізделген. Әсерлі диалогтар, философиялық ойлар, жігерлендіретін сөздер барлығы фильмде орнымен айтылып отырады.  Ішіңіздегі жалқауды өлтіріп, дәл қазіргі сәтті бағалауға үйрететін фильм.  

Жүрегімде мен бишімін / А в душе я танцую

Жүр өмірмен бірге серуендеп қайтайық …

Бұл фильмнің бас кейіпкерлері — мүмкіндігі шектеулі жандар.  Алайда, олардың өмірге деген құлшынысы мен оптимистік көзқарасы сау адамдардан табылмайды. Тағдырдың тәлкегіне түссе де, бұл жандар Жаратқанның жазған ғұмырын  барынша көтеріңкі көңіл күймен, бақытты сәттерге толы етіп өткізіге тырысады. 

Форрест Гамп

Өмір каропкадағы шоколаттар тәрізді: шоколаттың қай дәммен түсетіні саған  белгісіз.

Режиссер Роберта Земекистің керемет туындысы— бүкіл әлем мойындағын фильм 1994 жылы шықса да, қайталап көре бергін келетін кинокартина.  Әр кейіпкердің сөзін жаттап алсан да, әрбір қараған сайын өзін үшін жаңа бірдеме табасын. Мүмкін бұл нағыз киноның сиқыры шығар — қарапайым, түсінікті және керемет!

Неприкасаемые (1+1)

Сырттан сенің кім екенін маңызды емес, ішкі әлемін ғана маңызды. 

Фильмнің режиссерлері мен актерлері бұл фильмде өмірді растайтын, ақылды, көңілді және таңғажайып бейнені жасай алды. Драма мен комедия жанрын қосып тұңғыш рет тарихта бір-біріне ұқсамайтын екі бейнені тоғыстыру  — режиссердің таланты. 

Қызғылт түсті ит / Рыжий пес

Кей кездерде сен итті таңдайсың, ал ке йкздері ит сені таңдайды. 

 Бұл фильмде өмірде болған оқиғаға негізделген.  Дампьер қаласында таңқалдырарлық ғажайып қызғылт ит болған екен. Оның құрметіне, тіпті, ескерткіш қойылған. Алған беітен қайтпайтын ақылды адамның досы жалғыз жанға — дос, бақытсызға — бақыт, үміт және қуаныш сыйлайды. 

 

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *