Өмірде бір рет болсын көруге тұрарлық 9 жағажай

1. Хонопу жағажайы – Кауаи, Гавай аралы

Бұл жағажай кіршіксіз тазалығымен ерекшеленеді. Себебі, оған судың жағасында жүріп жету мүмкін емес, ал қайықпен жүзіп бару үшін көп уақыт керек. Жағажай екі бөліктен тұрады. Арканың биіктігі 27 метрды құрайды.

2.Ансе Сурс д’Аржан – Ла-Диг жағажайы, Сейшель аралдары

Көркем жағажайлар рейтінгінен көш бастап тұрған бұл жағажайда аппақ құмдар, алып қойтастар, жасыл пальмалар мен көгілдір теңізге керемет көрініс ашылады. Құдды бір фотошоппен өңделген суретке қарағандай боласыз. Көгілдір теңізде еш уақытта толқын болмайды, суы үнемі жылы, климаты да таңғажайып.

3.Алыптар жолы – Ирландия

Бұл жерді көргенде: «Мыңдаған жылдар бұрын аспанда айдаһарларлар ұшып, жерде алыптар тұрған…», — деген аңызға еріксіз сене кетесің. Табиғаттың бұл тылсымы 40,000-ға жуық өара байланысқан базальт бағаналарынан тұрады. Олар жанартау атқылауына байланысты туындаған геологиялық үрдіс арқасында қалыптасқан. 

4.Бенагил Сеа Каве жағажайы – Алгарве, Португалия

Алгарве – Европадағы ең әсем жерлердің бірі. Бұл аймақтың жағажайлары 200 километрге созылады. Жартастар, шағын шығанақтар, үңгірлер – бәрі бар. Үңгірлерінің бірінде таңғажайып жағажай орналасқан. Оған тек теңізден кіруге болады.

 

5.Жұлдызды жағажай – Ириомоте, Жапония

Бұл жағажайға келген туристтер пейзажға мән бермей, аяқтарының астындағы құмды зерттейді. Әрбір құм геометриялық пішіні бойынша қайталнбайды. Көпшілігі расында кішкентай жұлдыздарға ұқсайды. Шын мәнінде, бұл фораминиферлердің – көп жылдар бойы жағаға шайылған микроскопиялық ағзалардың қаңқасы.

 

6.Уайтхэвен жағажайы – Киелі үштік аралы, Австралия

Танымалдылығы мен атауын бұл жағажай мұнтаздай таза құмына байланысты алған. Уайтхэвен жағажайы алты километрге созылған. Суы кіршіксіз таза, ал табиғатына әлі адам қолы тимеген.

Ұлттық саябақтар қатарына кіріп, мемлекет қорғауында болғандықтан, бұл аймақтан ешбір қонақүй таппайсыз.

 

7.Рейнсфьяр жағажайы – Вик, Исландия

Бұл жағажайды көпшілік қауым әлемнің ең көрікті жерлерінің бірі деп есептейді. Бірақ оның көріктілігі өзгеше, «готикалық» десек те болады. Рейнсифьяр жағажайы қара құмымен, екпінді желімен, салқын бүркін тамшыларымен, тулаған толқындарымен, теңізге қарай асқақтаған биік құздарымен ерекше. Иә, бұл танымал тропикалық жағажайлардың қарама-қарсы нұсқасы. Дегенмен, өзіндік сұлулығы бар бұл жағажай, көпшілікті өзіне еріксіз баурап үлгерген.

 

 

8.Жасырын жағажай – Мариета аралы, Мексика

Бұл жағажаға ұқсас жер мына әлемде жоқ. Ол Мариета топаралындағы жартастың ішінде орналасқан. Үлкен бассейн тәріздес. Бұл мекенге келу үшін туристтер қысқа туннельден жүзіп өтуі тиіс. Жасырын жағажай ұлттық саябақтар қатарына кіріп, мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

 

9.Биолюминесценталдық жағажай – Ваадху, Мальдив аралдары

Бұл тропикалық жағажай күндіз Мальдив аралындағы барлық жағажайлар сияқты әсем. Ал түнде оның сулары нағыз жарық шоуының алаңына айналады. Бір көрсеңіз, ұмытпасыңыз анық. Көгілдір түспен жарқырайтын толқындары, жұлдыздарды көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады. Солайша, Мальдвтағы бұл жағажай мұхит пен ғарыш арасындағы шекараны өшіріп, сізге ұмытылмас естелік сыйлайды. Бір жасушалы микроағзалардың арқасында туындайтын бұл жарықты тек шілдеден – ақпанға дейін ғана көре аласыз.

Дайындаған: Дана Алиева

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *