Өмірдің мəні-ұлылық!

«…Адам дүниеге келген күннен бастап тəн жүйесі мен жан жүйесі жағында жалғыз: рақат, азап, ой түпкірлерін ол ешкіммен жете бөлісе алмайды, өз басы ғана көреді. Сезім, түйсігін түгелімен дəл сол қалпында өзге адамға ешқашан сарқып жеткізе алмайды… Содан кейін, адаммен бірге еш жақыны өлмейді, ол жалғыз өледі. Көрдің бе, «Құдай жалғыз, мен жалғыз» тек саяқ адамға ғана айтылмаған, ол барлығымыздың басымызда бар жалғыздық екен. Осыдан келіп, «Тəні бөлектің — жаны бөлек» деген шығады. Шын жақын жоқ. Жақындық деген — мерзімді өмір түсінігі… Мəңгілік жақындық болмайды. Өйткені адамның тəні де, жаны да мəңгілік емес… Адамның өзге тұрмақ, өзінен жасырар ойы болады. Əркімнің өз тілегі өзінде, қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі – туған күннен бастап жалғыздықпен күресіп, арпалысуы, ізденуі болмақ. Əйтпесе, шын мəніндегі жалғыздық — түпсіз қара түнек, шыңырау, ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып бақырып жылап, қасына адам жинайды, анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын, тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірі тыпырлап ізденумен өтеді. Алайда табиғаттың өзі жаратқан жалғыздығын түбірімен жоғалта алмайды. Бірақ оны жеңуге күресу – өмірдің мəні, адамның ұлылығы болмақ».

©Бауыржан Момышұлы

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *