Өмірге деген құлшынысыңызды арттыратын 5 ел

     Осы елдер өмірге деген құлшынысыңызды арттырып, қызықты саяхаттарға шақырады. Америка журналы “U.S. News & World Report” шытырман оқиғалар үшін ең жақсы елдер рейтингін жасады.

       Бразилия

Бразилияның халқынан ерекше энергия сезіледі. Олар өз елін, дәстүрлерін өте жақсы көреді. Бразилиялық Артур Суоз былай дейді: «Біз ең жақсы кофемізбен, өте дəмді тағамдарымызбен, әдемі адамдарымызбен мақтанғанды ұнатамыз. Сіз серфингпен айналаса аласыз, немесе Фернанду-ди-Норонья архипелагының жағажайларында демала аласыз. Бізде ескі қала, отаршыл және империя дәуіріне қатысты естеліктер бар»

Әрине, егер сіз билегенді, көңіл көтеру кештерін ұнатсаңыз, онда Рио-де-Жанейро сізге өзінің түнгі шытырман оқиғаларын ұсынады.

           Италия

Италия өзінің дәмді тағамдары және әдемі архитектурасымен белгілі, бірақ оның да әдемі пейзаждары бар.

«Менің туған қалам Сицилиядағы Катанияда сіз күніңізді көк теңізде шомылудан бастап, Еуропадағы ең белсенді жанартауға шығумен аяқтай аласыз», — дейді Джорджия Карраффа kimkim туристік стартап маманы.

«Қаладан қалаға, алқаптарда саяхаттасаңыз, бұл елдің әрбір аймағында әртүрлі мәдениеті, тағамдары, тіпті тілдер бар екенін байқайсыз. Қыста Доломитті Альпіде шаңғымен тепсем, жазда Таскананың жолымен велосипедпен серуендеймін», — дейді Inspired Italy туристтік ком паниясының директоры.

       Испания

«Көбінесе біз көшедегі өмірді жақсы көреміз. Жұмыстан кейін достарыңызбен кешке бір жақсы жерлерде бас қоса аласыз. Бұл жерде Валенсияда порт аймағында немесе қаланың тарихи орталығы Русафада керемет орындар бар. Біз әңгімелесіп, әзілдегенді ұнатамыз. Өмірден лəззат аламыз және елімізге келген шетелдіктер мұны тез қабылдайды», — дейді Валенсия тұрғыны Хуан Кастильо.

Егер сіз қысты ұнатсаңыз, онда таулардың ортасында орналасқан Мадрид жайлы ойланыңыз. Ал, егер жазды ұнатсаңыз, жағажайларға толы Бразилия сіз үшін өте тамаша жер.

    Таиланд

Мариам Хершман өзі туып, өскен Ко Панган аралына баруды кеңес береді. «Бүкіл әлемнен мыңдаған адам “толық ай кешіне” келеді, адамдар күн шыққанға дейін көңіл көтереді. Бірақ, бұл жерге медитация және йога үшін келетіндер де бар. Көңіл көтеру үшін және өзінің рухани денсаулығы үшін келген адамдардың айырмашылығы бұл жерде ерекше атмосфера сыйлайды», — дейді ол.

Шетелдіктер ерекеше сезім алу үшін Чиангмай қаласындағы Ме Тенг таулы өзеніне рафтингпен айналасуға немесе Дойинтанон ұлттық паркіне тастарда өрмелеуге келеді.

       Греция

«Бұл жердің суы нағыз жүзу үшін арналған. Грецияның дәрігерлері өздерінің науқастарынан жүзуді талап етеді, әрқайсысы жазда неше рет жүзгенін санауы міндетті. Денсаулыққа өте маңызды күн, минералдар тері арқылы енеді», — дейді Эвия аралының тұрғыны Патриция Хаджифотиу.

Кикладтың ең биік шыңы Зевс тауы Наксос аралында орналасқан. Сондай-ақ, жанартаулы Санторини аралы альпинисттер үшін керемет жер.

Халқы ең ұзақ өмір сүретін 5 ел жайлы осы жерден оқи аласыз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *