Митио Каку: «Білім есте сақтау қабілетіне негізделмейді»

Дипломдар қажетсіз болып қалуы мүмкін. Өйткені, білім уақыт пен кеңістік шеңберінде шектеліп қалмайды. Былтыр «The New York Times» газеті Митио Какуды Нью-Йорктің ең ақылды адамдарының бірі деп атады. Жапониядан шыққан американдық физик қара тесіктер мен Ғаламның кеңеюін жеделдету саласында зерттеулер жүргізді. Митио Каку ғылым жолында белсенді тұлға ретінде танымал.
Ғалымның сатылымы жоғары бірнеше кітаптары (олардың көпшілігі орыс тіліне аударылды, оның ішінде «Введение в теорию суперструн», «Физика невозможного», «Физика будущего»), BBC және Discovery-дегі бағдарламалар циклі бар.

Митио Какудың айтуынша, ең бастысы, оқу есте сақтау қабілетіне негізделмейді. Жақын арада компьютерлер мен Google Glass көзілдірігі қажетті ақпараттардың бәрін жүктеуге мүмкіндік беретін кішкентай линзаларға айналады. Осындай фукнциялары бар көзілдіріктер бар. Сондықтан, бір-екі жылдан соң оқушылар мен студенттер емтихандағы сұрақтар мен жауаптарды ғаламтордан оңай іздей алады: көзді жыпылықтатса болғаны, қажет ақпарат шыға келеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, миды пайдаланылмайтын қажетсіз біліммен толтырмай-ақ қоюға болады. Екінші жағынан, босатылған ақыл-ой қорлары дұрыс шешім қабылдау, талдау, талқылау және соңында дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталатын болады.

Осы ретте емтиханға, оқытушыларға деген қажеттілік болмай қала ма деген сұрақ туындайды. Адамдар өзіне қандай білім қажет екенін біле отыра, өз-өзіне білім беретін болады. Болашақта пәтерлерде, кеңселер мен көшелерде жасанды интеллект технологияларына негізделген құрылғылар пайда болып, жұмыс істейтін болады. Қабырғаға жақындап: «Мен биология профессорымен сөйлескім келеді»,- деп айтса болғаны, қабырғада бірден сізге қажет барлық ақпаратты беретін ғалым пайда болады. Мұндай жүйе білім саласында ғана емес, медицина, құқықтану саласында, дизайн, психология және басқа салаларда да қолданылады.

Біздің қоғам өз-өзін оқытуға, онлайн-білімге тез ауыса ала ма? Университеттік онлайн-курстар бар, бұл, әрине, жақсы идея. Бүгінгі таңда онлайн-жүйе енді дамып келе жатыр. Жалпы, университеттер сақталады, алайда, жоғары оқу орындары бұлтты жүйеге негізделген виртуалды ұйымдар болады. Алдағы уақытта дәстүрлі оқу орындарындағы дәрістерді тыңдайтындарды «жолы болмағандар» дейтін болады. Ал, жастардың қазір алып жатқан білімдері дипломмен расталады.

Болашақта маман белгілі бір салада өзінің құзыреттілігін қалай дәлелдейді? Білім қандай да бір уақыт пен кеңістік шеңберінде шектеліп қалмай, дипломдар қажетсіз болып қалады. Мамандар біліктілік емтихандарын тапсыратын, олардың дағдылары пен құзыреттілік жиынтығын анықтайтын сертификаттау орталықтары пайда болады.
Кейін бірыңғай ұпай шкаласы енгізіліп, оның саны адамға қоғамда белгілі бір орнын табуға әсер етеді. Сәйкесінше, университеттер өз-өзіне баға бермейтін қызмет ұсынушы рөлін атқаратын болады. Мәселен, АҚШ, Канада, Жапония, көптеген Еуропа елдерінде портфолио жүйесі өте танымал. Яғни, адам оқу барысында диплом, куәлік, сертификаттарды жинап, жұмыс берушіге ұсынады.

Болашақта жинақталған интеллектуалды багаж білім беру жүйесінің негізгі элементтерінің біріне айналады, ал, ақпараттық технологиялар адам жетістіктерінің қолжетімділігі мен шынайылығын арттырады. Егер, ересектерге білімге деген саналы көзқарас қажет болса, онда, балалардың қадағалаусыз оқуы екі талай.

Балаларға білім беретін сервистер белсенді дамиды. Алдағы уақытта онлайн педагогика сынды сервис пайда болмақ. «Онлайн» дегеніміздің барлығы тек компьютердің алдында отырып, мониторға үңілу деген сөз емес, жалпы, адамдар өмір сүретін орта мен өзара қарым-қатынас жасайтын интерфейс өзгереді дегенге саяды. Ақпараттық-коммуникациялық шешімдерге толы болашақ қалалар жаңа білім беретін ортаның белсенді қатысушыларына айналады.

Атап айтқанда, арнайы дайындалған кеңістіктерде бірнеше күн мен айлар бойы өткізілетін балаларға арналған үлкен ойындар ұсынылады. Оқулықтар жасанды интеллектпен толықтырылып, адамның 6 немесе 60 жасқа толғанына қарамастан, әрбір білім алушының қажеттіліктері үшін суреттер, мәтіндер, бейнелер, тапсырмалар мен схемалар таңдауға қабілетті болады. Мұндай дайын технологиялар  көп, олар біртіндеп енгізіліп келеді.

Қазір жақсы маман болу үшін білім базасы мен тәжірибе жинақтау қажет. Болашақта табысты адам болу үшін не істеу керек болады? Шынайы жетістікке жету үшін роботтардың қолынан келмейтін қабілеттерді дамыту керек: креативтілік, қиялдау, бастамашылдық және көшбасшылық қасиеттер. Қоғам біртіндеп тауарлық экономикадан интеллектуалды-шығармашылыққа ауысып келеді. Тауар нарығы мен конгитивті-креативтілік әлеуетін тең ұстай алған мемлекеттердің жетістікке жетудегі мүмкіндіктері басым. Ал, ауыл шаруашылығы саласына ғана сенетін ұлттар көпке бармайды, олар кедейлікке бой алдырады.           

Көптеген футуристер — жұмыс орындарының көп үлесін жақын арада роботтар алады деп болжайды. Болашақта тек білім жүйесі ғана емес, жұмыс жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Көп ұзамай фабрикаларда адам қалмайды, олардың орнына интеллектуалды ортадағы жаңа мамандықтар пайда болады. Ең бастысы, уақытында өз бағытыңды тауып, ауыса білу. Көп адамдардың басты мәселесі – өз бетімен қадам жасай алмауы. Болашақта жетістікке жеткің келсе, басқалардан өзгеше болуға, өз өмірің үшін жауапкершілікті толықтай алу, бір күнде бәрін өзгертуге және жаңа жолмен кетуге қорықпау керек.           

Қазір жұмыссыздық деңгейі бұрынғыға қарағанда жоғары, әсіресе, жастар арасында. Мұны тек әлемдік дағдарысқа жатқызуға бола ма, әлде, бар күнә тиімсіз білім жүйесінде ме? Қазіргі білім жүйесі өткен шақтың мамандықтары бойынша мамандар дайындап жатыр. Біз оларды болашақта жойылып кетуі мүмкін мамандықтарға оқытып жатырмыз. Кәсіпкер неліктен оқуын енді ғана аяқтаған түлектерді жұмысқа қабылдауы керек, жас мамандардың тәжірибесі жоқ қой. Әлемнің жетекші компанияларында 50-60 жастағы адамдар басымдық танытып отыр. Адамдар 120 жасқа дейін еш қиындықсыз өмір сүре бастағанда, үздіксіз білім алу тұжырымдамасын ұстанары сөзсіз. Сондықтан, қазір білім саласының мамандары болашақ технологияларымен тікелей байланысты жаратылыстану ғылымдарындағы оқу бағдарламаларын түбегейлі қайта қарастырып жатыр.           

Алайда, барлығы бірдей интеллектуалды жұмыстарға икемді бола бермейді ғой. Ақылды қажет ететін салаларға бейім емес адамдар роботтар әлемінде қандай қабілеттерінің арқасында сұранысқа ие маман болып қала алады? Жоғары дамыған бірде бір интеллект адамның орнын толықтай баса алмайды. Машиналарға қарағанда, адам баласының  артықшылықтары ойлағанымыздан әлдеқайда көп. Мысалы, роботтарда бейнелі ойлау, сана мен интуиция қабілеттері жоқ. Креативтілікті қажет ететін жұмыстар, яғни, автоматты функцияда орындалатын емес, қызметтері әр кезеңде өзгеріп отыратын қызметтер сақталады. Мысалы, бағбандар мен құрылыс саласының қызметкерлері. Бағдарламалау, веб-дизайн, ЗD-жобалау сияқты жұмыстар көп ұзамай «жұмыскер» мамандықтар саналатын болады. Адам қандай жұмыспен айналысса да, шығармашылық көзқараспен, жарқын қиял, жақсы дамыған түйсігімен қарауы керек, өзгермелі жағдайларда жылдам бағыттала білуі қажет.            

Заманауи технологиялардың дамуына байланысты адами интеллекті қандай өзгерістер күтіп тұр? 2050 жылға қарай барлық салаларда адамзаттың ең жақсы ақыл-ойларынан асып түсетін құрылғы пайда болады. Мысалы, жақында Еуропалық Human Brain Project жобасы шеңберінде ғалымдардың халықаралық тобы 20 микрометрге дейінгі дәлдіктегі толық құрылымын көрсететін Big Brain адам миының бірегей картасын жасады. Мұндай анатомиялық атлас неврологтар мен нейрохирургтардың жұмыстарын жеңілдетіп, ауыр науқастарды емдеп қана қоймайды, сондай-ақ, мидың эмоцияларды қалай өңдейтінін, ақпаратты қалай қабылдайтынын көруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жасанды интеллектке қатысты барлық үрдістерді жеделдетіп, білім базасын максималды түрде кеңейтуге мүмкіндік береді. Үздіксіз ақпарат беруді қамтамасыз ететін «мидағы чиптар» жақын арадағы болашақтың басты технологиясына айналмақ.

Дереккөзі https://lifedeeper.ru

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *