Моладағы мәйіттер тоналып, мәрмәр тастар ұрланды (видео)

   Қостанай тұрғыны Николай Рожко ағасының мазарын көріп қайтпақшы болып келсе мынадай оқиғаға тап болады. Африкада 2005 жылы қаза тапқан ұшқыштар жерленген қабірді белгісіз біреулер қиратып кеткен.

   Тас талқаны шыққан қабірді көрген ер адам бірден шара қолдануға көшті. Оның айтуынша, былтыр да ағасының қабірі бұзылып, металл құрылымдары ұрланған.

   «Болаттың бәрі тоналған еді. Енді ұшқыштардың да мәйіті тоналып, мәрмәр тастарын алып кетіпті. Қабір күзетшісі қайда қарап отырғанын білмеймін. Қашанғы қайталанады?», — дейді Николай Рожко.

   Бұдан бұрын қабір ішімен жүрген атты адам қостанайлықтардың наразылығын тудырған. Нәтижесінде аттың иесі жазаланды.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *