Мың жылдан соң өлең жылар солқылдап…

Бір жерлерде, бір сөнбейтін бардай Күн
Елегзимін…
Кім бар мені алдайтын?
Сен қайтер ең халге жетсем бір күні,
Сенсіз мүлде өмір сүре алмайтын?

Мен қорқамын өртенуден, жанудан…
Шатасудан…
Мүлде есімнен танудан…
Сен қорқасың көп өлеңнің біріне,
Қысқартылған әріп болып қалудан.

Бізге неге бұлдай берді көркін бақ?
Жатыр бізді ертең жұтар жол тыңдап.
Мен жылаймын…
Менен кейін сені іздеп,
Мың жылдан соң Өлең жылар солқылдап…

Танакөз Толқынқызы

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *