Ұмыт болатын 4 тренд

Трендтің әлемге таралуы адамның қызығушылығын жоғалтады екен. Бұл ойынның басты шарты,  сәндегі киімнің күнделікті киім тәрізді мәнін жоғалтып алмауын қадағалау.   

Бомбер

    

 Бұл — ерекше бренд. Әр қыздың арманы болған киім үлгісі. Американдық спортшылардың үлгісімен тігілген универсалды күртеше барлығын жалықтырғаны өтірік емес.

Көктем-күздік маусымның ең басты трендіне  oversize-жакеті, металл түсті матадан немесе тор тәрізді матадан тігілген киімдері кіреді. Киімнің фасоны мен  безендіруі қызықты болса тіпті әдемілене түседі.

Ашық иықты жейде

  

Ашық иықты киімдер ыңғайсыз екенін мойындаған жөн. Әсіресе рәзіңкемен тігілген киімді түзеп шаршайтынымыз қате пікір емес.

Әдемі киімді әдемі көрсете білу әр қыздың қолынан келе бермейді. Ал, мұндай киіммен сіз өзіңізді өте жайлы сезінесіз. Бір иығыңыздың әдемілігін көрсетіп, ешқандай рәзіңкесіз де сәнді жүруге болады.

Чокер

  

90-шы жылдың сәнімен қоштасатын уақыт келді. 2018 жылы бұл затты тастағаныңыз жөн.

Селфидің заманында дизайнерлер  көзге түсетін әшекей жасауға тырысуда. Экранға әдемі көрініп, ел қызығатындай болуы шарт. Ерекше  көңілді statement-earrings-дің жаппай сырғалары сән әлеміне жол тартты. Әдемі кешке де күнделікті киімге де жараса кетеді.

Корсет

  

Бастапқыда сәннің үздік топтамаларында жүргендіктен,  қазір өз құнын жоғалтып үлгерді. Кейде сәтсіз, әдемі емес болса да 2017-де барша қыздың киімінде табылған корсетті 2018 жылы тастағаныңыз абзал.

Белдің әдемілігін көрсетіп, киіміңізге үйлесе кететін белдемшелерді көбейтіңіз. Белдемше бос тұратын пальто мен жакетпен әдемі жараса кетеді.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *