Ұнататын қызына сүйетінін айтып, артынан өзінің де тамағынан орып жіберді

Өзбекстанда жігіт сүйіктісіне пышақ салған, — деп хабарлайды UzNews.kz.

«19 ақпан, шамамен сағат 18:30-да Бұхара облысында 20 жастағы жігіт сүйетінін айтқаннан кейін қызға пышақ салған», — деп жазады басылым.

Тергеу барысында қыз бен жігіт Галаасия қаласындағы саябақта кездескен. 1998 жылы туған жігіт өзінен бір жас кіші қызға махаббаты туралы айтқан. Қыз бала жігіттің ұсынысынан бас тартқан кезде жігіт оны пышақтаған.

«Арам ойын аяқтай алмады. Осыдан кейін ол өзінің тамағын орған. Қазір екеуі де ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді», — деп жазады басылым. Аталған дерек бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *