Н.Ә.Назарбаев латын әліпбиінің соңғы нұсқасын бекітті

Қазақстан президенті «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын жазуына негізделген қазақ тілінің әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                 Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан
№ 637

дереккөз: nur.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *