Неге адамдар қытықтан қорқады

Ғалымдар қытықтаған кезде адамның шошынуы немесе қорқуы табиғи құбылыс екенін атап көрсетті.

Ол біздің бойымызға қан арқылы ата-бабамыздан келгенін айтқан. Бұл қабілет оларға жәндіктерден қорғануға мүмкіндік берген. Жәндіктер шағып алса, талай қиындыққа душыр боламыз. Кейбіреуі тіпті улы болуы мүмкін. Ал, қытық адамдардың жылдам әрекет жасап, қорғануға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, ғалымдар қытықтаған кезде адамдардың бірдей жауап қататының аңғарған. Бірақ, күлкінің ұзақтығы олардың терілерінің сезімталдығымен байланысты. Әсіресе, балалардың терілері 5 есе нәзік әрі жұқа болғандықтан, олар сезімтал келеді. Жаңа туған балаларды кейде қытықтап отыру керек. Өйткені, күлкі рефлексін қалыптастырады. Осылайша, ол күлуді үйренеді.  Қытықтау жүйке жүйесіне үлкен күш түсіреді, ал күлкі сол күшті әлсіретеді деген болжам да бар. Сондықтан, қытықтаған кезде адам еріксіз күліп, жүйке жүйеснің жұмысын жеңілдетеді.

Massaget.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *