Неймардың «Реал» сапына ауысуы мүмкін бе?

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Ривалдо франциялық «Пари Сен-Жермен» клубының намысын қорғайтын отандасы Неймардың болашағы туралы ойымен бөлісті. 

«Неймардың үздік ойыншы атануына мүмкіндігі мол. Бірақ, «ПСЖ» сапында қалса, мұндай дәрежеге көтеріле алмайды. Ол «ПСЖ»-дан кетуі керек. Әлемнің үздік футболшысы атану үшін Испанияға қайта оралғаны жөн деп ойлаймын. Мәселе -біріншіліктің мықтылығында. Англия, Испания, Италия және Германия біріншіліктері Франциядан жоғары. Осы түсіну керек. 

Өткен жылы болған жағдайға байланысты енді «Барселонаға» қайта оралуы екіталай. Бірақ мен оның «Реал» сапына ауысуы мүмкін екенін естідім. «Реалда» ол әлемнің үздік футболшысы атана алады», — деді ол Globo Esporte басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Неймар «ПСЖ»-ға өткен жылы «Барселона» сапынан 222 миллион еуроға ауысып келген болатын. Биылғы маусымда барлық турнирлерде 30 кездесуге қатысып, 28 гол соқты.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *