Оңтүстік-Шығыс

Авторы: Бауыржан ЕРМАН

Зетаның алды, бір тәте гүлмен,
Омалып хошқа қап қойдым.
Қалтамды қағып, раушанға жырмен
«Сезім гүлі » деп ат қойдым.

Құрбы қыз кеше: «Ақынсыз» деген,
Ойымда әсем кесте көп.
Сықырым шықпай бақырсыз келем,
Асхана қалай есте жоқ?

Гүл ару үшін ақ адал арды,
Ал дедім досқа асырап.
Отын басуға бетіме қарды,
Толы уыс етіп басып ап.

Зуылдай бердім, суықтан емес,
Сондай бір күшті күй ішкем.
Бағытқа жылдам жуытқан елес~
Түсімде мемен сүйіскен.

Жете алмай қалды келіскен ерін,
Емтихан екен қап, пәлі-ай.
Түнімен сонда не істеп едім?
Берілген тестті жаттамай.

Кетуде ұсталып, қуылып алды,
Комиссиялардың шайнасы!
Көмекке жарап, суырып алды
Телефонымның айласы.

Алшаңдай басып ашық дәлізде,
Бағаға қанып тойған жүз .
Жадырап тұрды  қашық жалюзге
Уағдаласып қойған қыз.

Жасындай соққан қаусадым жайға,
Сипадым басты сәл ғана.
Қолымда қалам… Раушаным қайда?
Электронды залда ма?

Қаааап дедім де іштен, қап-қара көзге,
Қадалып қалдым қимылсыз.
Ұшыртып ертең мақтанады өзге,
Ұсына алмадым сый гүлсіз.

Қызатын сәтте қысылып қалып,
Жасырдық бәрін неге біз?
Теңіздей сезім ұсынып барып
Түбіне кетті кемеміз.

Осы естелікті жинап есіңе,
Түнгі аспаныңа тұтып ал.
Поездбен барам жиырма бесіне,
Қалаған жерден күтіп ал!

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *