Оқушы телефонын ваннаға түсіріп алғаннан қайтыс болды

Красноярск қаласының 13 жасар тұрғыны тоқта қуатталып тұрған телефонын ұстап ваннаға түскен.  Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол телефонын суға құлатып алған.

 Оқушының анасы қызының айқай салған дауысын естіп, есікті қаққан. Кілттеулі тұрған есіктің арғы жағынан қыз жауап қайтпаған. Туыстары құлыпты бұзып есікті ашқан кезде ваннада денесін электр тоғы соққан қызды тапқан.

«Ресей Федерациясының Краснояр өлкесіндегі тергеу комитетінің тергеу органдары 13 жасар қыздың ваннадағы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады (Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлімі)», – деп хабарлайды Ресей тергеу комитеті.

Бүгінгі күні істің мән-жайы анықталуда.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *