Оқушылар өлкесінің тарихын жаңа оқулықтан оқиды

Биылғы оқу жылынан бастап 5,6 және 7 сынып оқушылары өз өлкесі туралы арнайы оқулықтан оқитын болады. Мектеп бағдарламасына жаңадан «Өлкетану» пəні қосылды. Пəн Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында енгізіліп отыр. Жаңа оқу құралындағы материалдар Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география бойынша екі тілде жазылған. 3 жылдық оқу бағдарламасына арналған бір кітапта 20 оқу сағатының бағдарламасы қамтылып отыр.

«Алматыкітап» баспасы бірден жеті кітап шығарады: Жамбыл облысы, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Астана, Алматы қалалары туралы. Әрбір оқулық бойынша сол аймақтың мамандары жұмыс істеді» , — дейді баспаның бас редакторының орынбасары Альмира Сужикова. 

Оқу бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жазылған. Бағдарламаның мақсаты —  өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

«Біздің баспаның Қазақстанның салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы бойынша кітап басып шығарудан үлкен тәжірибесі бар. Осы баспадан шыққан «Менің Қазақстаным» топтамасы көпшілікке белгілі. Еліміз тарихының жарқын беттері, оның мәдениеті, салт-дәстүрі мен тұрмысы, бірегей географиялық нысандары және басқалары туралы мәліметтерді біздің көркем безендірілген альбомдардан табуға болады. Біздің осы тәжірибеміз «Өлкетану» сияқты жаңа қызықты пәнді қалыптастыруға үлкен көмегін тигізді. Осы оқулықты бізбен бірге жасап шығарған ғалымдарға, авторларға, эксперттерге үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді  Альмира Сужикова.

Өлкетану бойынша оқулықтар мен электрондық мультимедиялық оқу құралдарын шығару жоспарланып отыр. Жаңадан шығатын кітаптардың шығарылым саны сатып алатын білім басқармаларының сұранысына байланысты.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *