«Оның қанында өзбек, орыс, xакастың қаны аралас, ал діні…»

Елімізге танымал әнші Бүркіт өзінің жарына кейде өтірік айтатынын мойындады. Бұл туралы «Если честно»бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген отағасы өзінің келіншегі Аишаның жақсы қасиеттері жайлы сыр шертті.

«Аиша ешқашан өтірік айтқан емес. Ал мен кейде оны ренжітпеу үшін өтірік айтамын. Мысалы, отбасындағы ұсақ-түйек жағдайларға қатысты. Ол түсіністікпен қарайды. Мәселен, Арафат есімді араб қызымен түскен сурет. Ол біздің ортақ танысымыз. Сондықтан артық ой жоқ», — деді Бүркіт.

Сондай-ақ әнші жарының аралас ұлттан екенін де айтып берді.

«Ол Қарағанды облысынан. Менің жарымның қанында орыстың да,өзбектің де, хакастың да қаны бар. Бірақ ол — мұсылман. Мені алғаш еліктіргені де оның сыртқы сұлулығы болды. Бірінші жан-дүниесін ұнаттым деген ер адамдар өтірік айтады», — деді әнші

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *