Opening Milan fashion week-ке қатысып жатқан Қазақстандық дизайнер кім?

Қазақ дизайнері Миланды бағындырды. Индира Білісбекова Opening Milan fashion week сәнді көрсетілімнің подиумында әйелдерге арналған өз коллекциясын көрсетті.

Бұл – «Сән мен Сахна» халықаралық сахналық костюм фестивалі жеңімпазының шетелдегі алғашқы көрсетілімі. Аталған іс-шараға сондай-ақ Италия, Ресей, Монако және Австралияның модельерлері қатысып жатыр.

Миланда Opening Milan fashion week жоғары сән апталығы басталды. Стилист Елена Савоның командасымен ұйымдастырылған шараға жыл сайын көптеген жаңа талантты дизайнерлер қатысады. Олар өз туындаларын халықаралық дәрежеде көрсету мүмкіндікгіне ие болады. Қазақстандық дизайнер Индира Білісбекованың коллекциясы «Гүл бақшасы» деп аталады. Олар ақшыл көк, қызыл күрең, фуксия түстес сәнді текстуралы матадан жасалған. Дизайнердің айтуынша, туындыларына шығыс мәдениетін қосу ойы оның Жапонияға жасаған іссапарынан соң туындаған.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *