«Оразада мұны барлығы білуі тиіс» -имаммен сұқбат

Дариев Берік Алсейітұлы, ОҚО «Имам Ағзам» мешітінің бас имамы

Намаз оқымайтындар ораза алдында ғұсыл алуы шарт па?

— Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!

Намаз оқысын-оқымасын, ораза ұстасын, ұстамасын ғұсыл алу әрбір мұсылманға шарт. Ғұсылсыз жүру xарам. Сол үшін ғұсыл алынуы керек

— Ораза да сағыз шайнауға болады ма?

— Ауыз бекітіп жүріп сағыз шайнауға болмайды. Егер сағыз шайнайтын болса сол күннің қазасы өтеледі. Былай өтеледі: бір күндік қаза, яғни әдейі ашқан  1 күн оразаның қазасы 60 күнге татиды. Болады деп сағыз шайнап жүрсе, 1 күн үшін 60 күн ораза ұстайды деген сөз.

— Ораза ұстап жүріп тіс пастасымен тіс жууға болады ма?

— Иә, болады. Бірақ, абзалы жумаған. Тіс пастасымен жуып жатқанда, дәмі ішіне кіріп кетсе ораза бұзылады. Сондықтан, сәресіден кейін жуып алған дұрысырақ. Ал егер, өзіңе сенімді болса жууға болады. 

— Су ішіп немесе бірнәрсе жеп қойса не істеу керек?

— Егер білместікпен су ішіп немесе жеп қойып, дереу есіне түсіп, сол кезде тоқтатып, оразасын жалғастырса оразасы қабыл болады. Ал егер, мен ішіп қойдым деп, әрі қарай ішіп кете берсе оразасы бұзылады. Оның қазасын өтейді.

— Ауызашар және жабардағы дұғаны қазақша оқыса қабыл болады ма?

— Иә, әрине болады. Қай тілде оқыса да қабыл болады.

Қадірменді оқырман, тұтқан оразаларыңыз, ниеттеріңіз, тілек-дұғаларыңыз қабыл болсын деп шын жүректен тілеймін!

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *