Отан!

Отан! 
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, 
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз, 
Жыртқыш інсіз болмайды. 
Отансыз жан өмірінде оңбайды. 
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. 
Тірі адамға — сол қайғы! 
Күн көреді, 
Әкесіз де, анасыз, 
Өмір сүрер. 
Әйелсіз де, баласыз, 
Ал Отансыз — Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе, 
Отанның сен не екенін? 
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) 
Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан — мекенің!
М.Мақатаев

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *