Отбасындағы қаржыны қалай дұрыс жұмсау керек?

      Отбасылық өмірге енді қадам басқан жастар үшін қаржы мәселесі талай қиындықтарды туғызады. Үйдегі жанжалдардың басым бөлігі ақшамен дұрыс жұмыс істей алмағандықтан. Отбасындағы қаржының тиімді жұмсалуының бірнеше жолы бар. Солардың біріне тоқталып өтсек.

     Отбасы бюджетіне айына келетін табысты  6 ұяшыққа бөлеміз:

  1. Коммуналдық төлемдер.

Әрбір отбасы ай сайын коммуналдық қызметтерге қанша ақша жұмсайтынын біледі. Сондықтан, осы ұяшыққа ақшаны бірден алып қойып, мүлдем тиіспейміз.

  1. Міндетті түрде алынатын заттар.

Міндетті түрде алынатын заттарға: азық -түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар т.б.  

  1. Күнделікті шығындар.

Бұл ұяшыққа әрбір отбасы мүшесінің жолына, тамағына кететін ақшасы жатады.

  1. Ойын-сауық үшін.

Әрине ойын-сауықсыз да болмайды. Мысалы, кинотеатрға, концерттерге баратын қаражат.

  1. Болашаққа инвестициялау. Бұл ұяшық болашақтағы демалыстарға, баланың оқуына, ірі сатып алуларға және т.б арналған ақша. Банкіде шот ашу арқылы жинауға болады.
  2. Жоспарланбаған шығындар. Аяқ астынан қаражат керек болып қалған жағдайда, осы ұяшық көмектеседі.

      2017 жылғы статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың орта жалақысы 98 000 теңге. Сонымен, отбасылық қаражат 196 000 теңгені құрайды.

1 — ұяшық: 20 000 тг. (10% — ы)

2 — ұяшық: 40 000 тг. (20% — ы)

3 — ұяшық: 40 000 тг. (20% — ы)

4 — ұяшық: 30 000 тг. (15% — ы)

5 — ұяшық: 30 000 тг. (15 % — ы)

6 — ұяшық: 30 000 тг. (15 %- ы)

                                                                             Мадина Даулетова

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *